Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан диплом алды

Белгілі боксшы Махмұд Сабырхан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Спорт менеджменті» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі дәрежесін иеленді,деп хабарлайды Malim.kz.
«Білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма алғыс айтамын. Еңбектеріңіз жана берсін! Дана қазақ «Білімдіге дүние жарық» дейді. Осы оқу орнынан алған білімім алдағы өмір жолымда үлкен пайдасын тигізеді деп сенемін», – деп жазды спортшы.
Еске салсақ, Махмұд Сабырхан 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында және 2022 жылы Аммандағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 54 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Париж-2024 Олимпиадасына қатысып, 57 келі салмақта өнер көрсетті.
Сонымен қатар халықаралық Boxam, Strandja және Президент кубогы сияқты турнирлердің жеңімпазы. 2025 жылы кәсіби бокста дебют жасап, алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
Фото: instagram.com/sabyrkhan_makhmud

Ең көп оқылған
