Дүниежүзілік көшпенділер ойындары отандық туризмге жол ашады

Олжас Қасым

  • 21.02.2024

Бастауын көне ғасырлардан алып, бүгінге жеткен ұлттық спорт түрлері елдер арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтып, мәдениетаралық байланысты дамытады. Бұған дейін, 2014, 2016, 2018 жылдары бауырлас  Қырғыз елінде өткен дүбірлі дода 2022 жылы Түркияның Изник қаласында мәреге жеткені мәлім. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 2014 жылы – 2 орын, 2016 жылы – 3 орын, 2018 жылы 2 орын алған болатын. Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрге, өнерқайрат ойындарына серпін беретін байрақты бәсекені өткізу міндеті Қазақстанға жүктеліп отыр.  Бұл мән-маңызы бөлек, ұлттың бәсекеге қабілеттілігі сынға түсетін маңызды сәт.

Елордада 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетіні айдай әлемге мәшһүр болды. Ойындарға 100-ден астам елден 4 мыңға жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Көшпенділер ойындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтулы бастамасы негізінде қолға алынды. Үздіктердің өнері мен күш-қайратын сынайтын ойындар бәсекесі Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін дамытуға оңынан ықпал етері сөзсіз. Қазіргі уақытта еліміздің әр аймағында ауқымды сайысқа әзірлік  қызу жүргізіліп жатыр. Себебі, бұл спорттық тәжірибе мен шеберлікті ғана емес, халқымызға тән қонақжайлылық, дархандық секілді қасиеттерді танытатын, құнын жоймас асыл мұралармызды тұлықтайтын мезет. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әзірлік барысында отандық  туризм, халықтық қолөнер, қызмет

көрсету салаларындағы мүмкіндіктерін іске асыруына жағдай жасалады. Бірнеше елдің арасында өткізілетін жарыстың бай спорттық және мәдени бағдарламасы Қазақстандағы ішкі  туризмді дамытуға сеп болары айқын.

Астана төрінде ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыс бағдарламасына сәйкес спорттың 20 түрінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, спорттың 10 түрі арнайы таныстырылым ретінде дүйім жұртқа ұсынылады. Бағдарлама шеңберінде 110 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Айта кетуіміз керек, спорттық және мәдени іс-шаралар 5 негізгі нысанда өткізілетіні айқындалды. Олар бас қаладағы басты нысандар саналатын «Астана Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз айдыны сарайы және «Думан» қонақ үй кешені. Дайындық барасында аталған орталықтарға қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде «Қазанат»

атшабары бір уақытта 10 мың көрерменді қабылдай алатын шамаға жетті. Сонымен қатар, ел тұрғындары мен қонақтар, туристер «Көшпенділер әлемі» атты этноауыл кешенін армансыз аралап, ұлттық мәдениетімізбен, өнерімізбен танысып, мол мағлұмат алады.  Спорт және туризм министрлігінің дерегінше, этноауыл күніне 30 мыңға дейін келушіні қабылдайтын қауқарға ие.

Иә, спорттық жарыстар мен мәдени шараларды тамашалауға 100мыңнан астам қазақстандық және шетелдік турист келеді деп жоспарланып отыр. Өзге елдерден келетін меймандар мен жарыс қатысушыларына спорт нысандарының жанында орналасқан елорданың үздік 23 қонақ үй кешені қызметі көрсетеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Бірлік керуені» жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылып, Астанада түйінделеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, елордада Көшпелілер өркениетінің мұражайы, Қолөнер

қалашығы, «Neo nomads Fest» атты урбанистика фестивалі, ұлттық тағамдар

фестивалі, спорттық сайыстар мен айтыс сияқты ұлттық бағыттағы кештер

ұйымдастырылмақ. Болжамға сәйкес, этноауыл кешені тәулігіне 30 мың келушіні қабылдайды. Осылайша, Астана шаһары жаһан жұртшылығына еліміздің мәдени және туристік ерекшеліктерін кеңінен насихаттайтын болады. Мыңжылдықтардың мұрасына орда болған, көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде бұл дүбірлі доданы Қазақстан жоғары деңгейде өткізуге күш салып отыр.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды