Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды

7,5 шақырымға спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып қиды

Malim Админ

  • 09.03.2025

Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Ербол Хамитов жеңіске жетті.


Ербол Хамитов 7,5 шақырымға спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып қиды. 

2024 жылы ол Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, Әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды.

Сондай-ақ ол биыл ақпан айында Словенияның Поклюка қаласында өткен әлем чемпионатында алтын алды. Ербол Хамитов 12,5 шақырымдық жекелей сында жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы пара шаңғы мен пара биатлоннан Италияның Мартель қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанған еді.

Фото:  csp_parasport.kz

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды