Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан 2-орынға тұрақтады

Ел спортшылары 2 алтын, 2 күміс еншіледі

Мәди Саматұлы

  • 11.01.2025

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, фристайл-могулдан Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.

Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.

Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді. Командалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттауға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.

Жалпыкомандалық есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) спортшылары түйіндеді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

13.04.2025

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

11.04.2025

Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдесе, не өзгермек?

08.04.2025

Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

08.04.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

Алданғандар 12 миллион теңге төлеген

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жұмыс, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген

Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдесе, не өзгермек?

Қазақстан мен Еуропалық одақ виза талаптарын өзара жеңілдету туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

Қостанай облысы Рудныйдағы "Арнаулы білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының" екі тәрбиеленушісі, 15 және 17 жастағы жасөспірімдер, 7 сәуірде мекемеден қашып кеткен