Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Әли Әлиев тағайындалды

Арман Қайыпхан

  • 21.05.2025

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының құрылымында кешенді өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Даму мен жаңғырудың жаңа кезеңіне көшу аясында келесі мамандар тағайындалды:

  1. Геннадий Скуртул – ҚФФ техникалық директоры;
  2. Руслан Балтиев – ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры;
  3. Әли Әлиев – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері;
  4. Денис Мамонов – Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға бапкері;
  5. Кирилл Кекер – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
  6. Бауыржан Сағындық – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері;
  7. Мадияр Кембілов – Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері;
  8. Жанна Мальгаждарова – Қазақстан әйелдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
  9. Юлия Мамонова – Қазақстан әйелдер құрамасының (U-17) аға бапкері.

Бұл кадрлық тағайындаулар Федерацияның техникалық секторын жүйелі түрде жаңғырту бағытына сәйкес келеді. Аталған өзгерістер стратегиялық жоспарлау мен әдістемелік жұмыстан бастап, аймақтық бағдарламаларды дамытуға, бапкерлер дайындауға және құрамалар жұмысын үйлестіруге дейінгі ауқымды қамтиды, - деп хабарлады ҚФФ.

2026 жылдың басында Қазақстан футболының техникалық дамуына арналған жаңа стратегия таныстырылады. Бұл құжат ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және жастар футболын қамтып, негізгі даму бағыттарын, заманауи ойыншы мен бапкер дайындау қағидаттарын және қысқа-орта мерзімді мақсаттарды белгілейді.

Қазақстан футболы құрамалар арасындағы өзара байланысты күшейтуге, дайындық жүйесінің бірізді құрылымын қалыптастыруға және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған жүйелі жаңару кезеңіне қадам басып отыр.

Барлық өзгерістер ашықтық, кәсібилік және ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталу қағидаларына негізделіп жүзеге асырылуда.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

22.05.2025

Әлемдегі ең үздік футболшы аталды

21.05.2025

Азия чемпионаты: Қазақстандық 11 боксшы алтынға таласады

20.05.2025

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

Әлемдегі ең үздік футболшы аталды

Азия чемпионаты: Қазақстандық 11 боксшы алтынға таласады

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды