Испания топтан шығып, Италия плей-офф кезеңіне жолдама алды

Бүгін B тобының мәселесі шешілді

Арман Қайыпхан

  • 25.06.2024

Еуро-2024 турнирінің В тобындағы финалдық кездесулер өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін Испания құрамасы бұл топтан плей-офф кезеңіне ерте шыққан болатын.

Соңғы турда осы төрттікте екінші орын алған команда анықталды. Бұл команда Лейпцигте Хорватиямен тең ойнаған Италия болды. Себебі олар хорваттармен 1:1 есебімен тең түсті.

Ал Хорватия құрамасы екі ұпай жинап, топта үшінші орынға тұрақтады.

Дюссельдорф қаласында өткен тағы бір кездесуде Албания мен Испания құрамалары кездесті. Мұнда үш ұпайдың тағдырын бір гол шешті. Матчтың 13-минутында испаниялық вингер Ферран Торрес гол соқты.

Осылайша, Испания құрамасы 9 ұпай жинап, бірінші орыннан плей-офф кезеңіне өтті. Ал Албанияның бір ұпайы бар.

Айта кетеік, топтық кезең соңында үшінші орын алған алты команданың арасынан үздік төрттік таңдалып, 1/8 финалға жолдама алады.

Еске сала кетейік, турнир Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді

.Фото: x.com/EURO2024

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады