«Манчестер Сити» – бірінші, «Астана» – 135-орында. УЕФА клубтар рейтингін жариялады

Рейтингте қазақстандық бірнеше команда бар

Мәди Саматұлы

  • 14.12.2024

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) жаңартылған клубтық рейтингін жариялады. Рейтингті 18,974 ұпаймен «Манчестер Сити» бастап тұр, деп хабарлайды Malim.kz.

Екінші орнында «Реал Мадрид» (15,569 ұпай), үшінші орында «Бавария» (14,882 ұпай). Одан соң «Ливерпуль», «Рома», «ПСЖ», «Челси», «Боруссия Дортмунд», «Интер» орналасқан.

Айта кетерлігі, рейтингте Қазақстан клубтары да бар. Олардың арасында ең жоғары көрсеткіш «Астанада», 2,175 ұпаймен 135-орында тұр. Одан өзге командаларымыз – «Тобыл» 178, «Қайрат» 263, «Ордабасы» 286, «Ақтөбе» 352, «Шахтер» 374, «Қызылжар» 387, «Қайсар» 388-орындарда тұр.

Айта кетейік, клуб коэффициенттері УЕФА Чемпиондар лигасындағы, УЕФА Еуропа лигасындағы және УЕФА конференциялар лигасындағы клубтардың соңғы бес маусымдағы нәтижелері бойынша есептеледі.

Фото: uefa.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады