Нариман Құрбанов үйлену тойын өткізді

Үйлену тойы Алматыда өткен.

Сабина Асқарқызы

  • 16.09.2024

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Аlga.peterburg парақшасының авторы, блогер Иван Червинский Нариман Құрбановтың үйлену тойы Алматыда өткенін айтты. Ал спортшының қуанышын бөлісуге Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Ризабек Айтмұхан секілді Олимпиада, әлем чемпиондары арнайы барған.

Әлемдегі ең чемпиондық тойға қатысу үшін Астанадан Алматыға әдейі оралдым. Қазақстан – бұл чемпиондар елі, бірақ бұл күні Олимпиада, әлем және Азия чемпиондары бір тойда бас қосты. Біз спортшыларымыздың өнерін әрқашан бақылап отырамыз, сондықтан шығарылымдарымыздың басты кейіпкерлері болып жүрген саңлақтардың ортасында отыру мен үшін үлкен абырой. Солардың арасында бүгін ең басты кейіпкерлер – жас жұбайлар, - деп жазды блогер.

Оқырман қауым да жастарға бақыт тілеп, екеуінің жарасымды жұп екенін алға тартқан.

Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жұбайы Аида Бауыржанова да гимнаст. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы, Азия біріншіліктерінің жүлдегері.

Естеріңізде болса, Нариман жарын 8 қыркүйекте ұзатып алып кеткен.

Фото: instagram.com/kazgymfederation

Байланысты жаналықтар

Танымал балуан Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді

21.04.2025

«Қуаныш қайғыға ұласты»: той үстінде күйеу жігіттің әкесі қайтыс болды

11.04.2025

Сәкен Майғазиевтің болашақ келінінің кім екені белгілі болды

09.04.2025

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үйлену тойын жасады

18.10.2024

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали эфирде үйлену тойын өткізді

03.10.2024

Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов үйленді

09.09.2024
MalimBlocks
Танымал балуан Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді

Оның жұбайы да спортшы.

«Қуаныш қайғыға ұласты»: той үстінде күйеу жігіттің әкесі қайтыс болды

Желі қолданушылары көңіл айтып жатыр.

Сәкен Майғазиевтің болашақ келінінің кім екені белгілі болды

Бойжеткеннің жасы 20-да екен.

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үйлену тойын жасады

Салтанатты іс-шара екеуі некелескен соң араға жеті жыл салып өтті.

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали эфирде үйлену тойын өткізді

Екеуі бұл сәтті 9 жыл күткен.

Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов үйленді

Оның таңдауы гимнаст Аида Бауыржановаға түскен