Танымал балуан Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді
Оның жұбайы да спортшы.
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан шаңырақ көтерді. Салтанатты той Астана қаласында өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Тойға қонақ ретінде қатысқан танымал блогер Иван Червинский Instagram парақшасында кештен бейнежазба жариялап, өз әсерін бөлісті.
Бүгін әлемнің үздік бапкерлерінің бірі Қанат Жолдасбаев ұлын үйлендіріп, үлкен той жасады. Ризабек – мықты спортшы ғана емес, ақжарқын, зиялы азамат. Астанада өткен салтанатты кеште Қазақстан мен шетелдің спорт жұлдыздарының қатарында мен де болдым. Той ерекше әсер қалдырды, деп жазды блогер.
Ризабек Айтмұхан – еркін күрестен ел тарихында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны. Ол бұл атаққа 2023 жылы Белградта 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қол жеткізген.
Жас жұбайлар – екеуі де спорт саласынан шыққан жандар. Ризабектің таңдауы спорттық гимнастикадан спорт шебері атанған Фируза есімді аруға түскен.