Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали эфирде үйлену тойын өткізді

Екеуі бұл сәтті 9 жыл күткен.

Сабина Асқарқызы

  • 03.10.2024

Жұлдызды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали «Астарлы ақиқат» бағдарламасының студиясында үйлену тойын жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иелерінің сөзінше, олар бұл сәтті тоғыз жыл күткен. Жұлдыздың өзі айтулы күнге орай арнайы қалыңдық образында келген.

Жұлдызды жұп үйлену тойын осыдан тоғыз жыл бұрын жасағысы келгенін айтты. Алайда белгілі себептерге байланысты бұл ойы іске аспай қалған. Сол себепті ерлі-зайыпты өтпей қалған тойдың орнын толтырып, оны студияда тойлау туралы шешім қабылдапты.

Негізі бұл тойды 9 жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға «Кішкене күте тұрайық, халық бұл жаңалыққа үйренсін, ашуы басылсын» деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда, кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, коронавирус басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік. Жұлдызға о баста айтқанмын, «Той жасаймыз, сен ақ көйлек киесің» деп. Кез келген қыз баланың арманы – ақ көйлек киіп, күйеуге тию, – деді Айқын Төлепберген. 

Фото: youtube.com/@KTKTVchannel

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген