«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты

Алматыдағы «Орталық стадион» алаңында Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында «Қайрат» словениялық «Олимпияны» 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Алматылықтар есепті ерте ашты – 5-минутта Луиш Мата берген пасты Жоржиньо баспен қақпаның оң бұрышына бағыттап, командасын алға шығарды.
Көп ұзамай Жоржиньо голдық паспен көзге түсті, ол Александр Мрынскийді қақпашымен жеке-жеке шығарып, қорғаушы мүмкіндікті мүлт жібермей, есепті 2:0-ге жеткізді.
Еске салайық, алғашқы ойын 8 шілдеде Люблянада өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Осылайша, қос кездесудің қорытындысы бойынша (3:1) қазақстандық клуб келесі кезеңге жолдама алды.
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундында Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Молдованың «Милсами» мен Финляндияның КуПС клубтарының жұбынан жеңімпаз шыққан командамен кездеседі.
Фото: «Қайрат» ФК

Ең көп оқылған
