Қатар - 2022. Әлем чемпионатына қатыса алмайтын футболшылар кімдер?

Садио Мане әлем чемпионатын сырттай тамашалайды

Malim Админ

  • 14.11.2022

Футболдан әлем біріншілігі Таяу шығыс елінде алғаш рет өтпек. Дүниежүзілік теңбіл доп додасы елдің 5 қаласындағы 8 стадионда болады. Бір ай бойы өтетін шараға 1 млн 200 мыңдай жанкүйер барады деген болжам бар. Матчтар кезіндегі қауіпсіздікті 50 мыңдай тәртіп сақшысы қамтамасыз етеді. 

 Әлем чемпионатына небәрі үш рет қатысқан Норвегия құрамасы үшін Холанд 22 ойында 21 гол соққан. Бірақ оның командасы мундиальда соңғы рет 1998 жылы өнер көрсеткен. Холандтың келуімен Норвегияның жағдайы жақсара бастады, бірақ 22 жастағы шабуылшы жарақат алып, іріктеу кезеңінің көп бөлігін өткізіп алды, ал норвегиялықтар өз тобында Нидерланды мен Түркиядан кейінгі үшінші орынға тұрақтады. Қатардағы әлем чемпионатында Холандтың орны ойсырап тұр, бірақ бұл мундиальға қатысатын қорғаушылар үшін жақсы жаңалық болмақ.

Сенегал құрамасын өрге сүйреп жүрген шабуылшы Садио Мане әлем чемпионатын сырттай тамашалайтын болды. «Бавария» командасының шабуылшысы «Вердермен» кездесу кезінде жарақат алды. 30-ға келген ойыншы командаластарына сәттілік тіледі.

 Былтыр жұлдызы жанып, «Ливерпуль» сапына ауысқан португал футболшысы Диего Жота ұлттық құрама үшін айқас тізіміне енбейтін болды. «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопптың пікірінше, Жотаның жарақаты бірнеше айсыз жазылмайды.

«Астон Вилла» және Бразилия құрамасының ойыншысы Филиппе Коутиньо командаластарын Қатарға сәттілік тілеп шығарып салады. Футболшы санының бұлшық етін жарақаттап алды, енді он аптаға дейін ойнай алмайды.    

Биыл туриндік «Ювентустен» римдік «Рома» сапына ауысып, үздік голдарымен көзге түсіп жүрген аргентиналық футболшы да жарақат алып қалды. Бұған дейін бас бапкер Жозе Моуриньо Дибаланың жарақаты ауыр, кемі жаңа жылсыз жасыл алаңға оралмайды деген. Алайда соңғы деректер бойынша, футболшы тез оңалып келеді. Демек, әлі де мүмкіндік бар деген сөз.   

Тағы бір аргентиналық ала доп шебері Анхель Ди Мария да жарақат алды. Бірақ соншалықты ауыр емес секілді. Аңыз ойыншыны Қатар төрінен көріп қалуымыз мүмкін.

Биыл франция құрамасында біраз ойыншының жоқтығы анық білінейін деп тұр. «Челси» клубы бір жарым апта бұрын франциялық жартылай қорғаушы Н'Голо Кантенің Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді. Жарақатын емдету үшін операция жасатқан француз футболшысы үш ай бойы доп тебе алмайды. Канте соңғы рет 14 тамызда алаңға шыққан. Сол жарақатынан енді айығып келе жатқанда, қайтадан асқындырып алды. Соңғы жылдары Франция футболының жарық жұлдызы жиі жарақат алып жүр. Өткен маусымнан бастап есептегенде, Канте денсаулығының сыр беруіне байланысты «Челсидің» 31 матчына қатыса алмаған. Төрт жылда бір келетін футбол мерекесіне арналған жоспарын Дидье Дешамға Н'Голосыз құру қажет.

Манчестер Юнайтедден «Ювентуске» ауысқан жартылай қорғаушының ӘЧ-ге бару-бармауы әлі де нақты белгісіз. Тізесіне операция жасағалы бері футболшы алаңға шыққан жоқ. Аллегри бұған дейін Погба қаңтарсыз футболға қатыспайды деген еді. Бірақ соңғы ақпарат бойынша, Погба жаттығу жасай бастаған және мундиальға үлгеріп қалуға үмітті көрінеді.  

Люка Эрнандестің де ӘЧ-ге бару-бармауы белгісіз. Футболшының агенті: «Ол жеңіл жүгіру жаттығуларына кірісті» деп мәлімдеді. Алайда «Бавария» бас бапкері Нагельсманн футболшының әзір алаңға шыға қоярына сенбейді. 

Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема Катардағы футбол тойындағы алғашқы матчта алаңға шықпауы мүмкін. Реал форварды Ла лиганың 11-турында "Севильямен" өткен ойында жарақат алған еді. Соның салдарынан ішкі чемпионаттың соңғы екі матчінде алаңға шықпады. Белгілі болғандай, Бензема Катардағы мундиальға барады. Алайда топтық кезеңдегі алғашқы матчте Аустралия құрамасына қарсы алаңға шықпауы мүмкін. Құраманың медициналық штабы Бенземаның толық айығуына барын салады. 

Төрт жылда бір келетін футбол мерекесіне соңғы Еуропа чемпионатында топ жарған Италия, Ұлттар лигасында сенсация жасаған Венгрия, жас таланттарды шығарып жүрген Норвегия қатыса алмайды. Сондай-ақ бір ай бойы бұл турнирді Австрия, Швеция, Чехия, Словакия, Словения, Египет, Алжир, Нигерия, Колумбия, Чили секілді мықты командалардың ойыншылары бұл жолы көрермен болады.

Айта кетейік,  Қатарда футболдан Әлем чемпионатының басталуына тура 6 күн қалды. Турнир қарашаның 20-да әл-Хаур қаласындағы әл-Байт стадионында ашылады. Жарысқа 32 елдің ұлттық құрамалары қатысады.   

Байланысты жаналықтар

Геннадий Головкин төлқұжатын ауыстырды

21.02.2025

Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» тағы да үндеу жасады

20.02.2025

Шавкат Рахмонов мамырда чемпиондық атаққа таласпайтын болды

20.02.2025

"Астана" футбол клубының бас директоры ауысты

19.02.2025

Қазақстан 2026 жылғы Олимпиада ойындарына шақырту алды

19.02.2025

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореядан жеңілді

17.02.2025
MalimBlocks
Геннадий Головкин төлқұжатын ауыстырды

Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» тағы да үндеу жасады

Шавкат Рахмонов мамырда чемпиондық атаққа таласпайтын болды

Ол жарақатын емдеп үлгермеген.

"Астана" футбол клубының бас директоры ауысты

Қазақстан 2026 жылғы Олимпиада ойындарына шақырту алды

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореядан жеңілді