Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

Бұл туралы Kazinform ақпарат агенттігі хабарлады.
Қазақстандық 9 боксшы финалға шығып, 6 спортшы жеңіске жеткен.
Олар:
57 келіге дейінгі салмақтағы Асылжан Серікбай. Ол украиналық Денис Роздольскиді ұтқан.
63,5 келі салмақтағы Жандос Қыдырәлиев ирландиялық Паул Хэйл Джоннан басым түскен.
67 келідегі қазақстандық боксшы польшалық Кирилл Глобенконы жеңді.
71 келі салмақтағы Фарух Тоқтасынов болса, тағы бір украиналық боксшы Максим Молоданмен алтынға таласып, жүлдегер атанды.
75 келідегі боксшы Азамат Бектас поляк Михал Ярлинскиді қапы қалдырса, 80 келідегі спортшы Тұрсынбай Құлахмет ағылшын Рамтин Мусадан айласын асырды.
Мұнан басқа 54 келі салмақтағы Нұрсұлтан Алтынбек, 60 келіде бокстасқан Алмат Әбдуәли және 86 келіде жұдырқтасқан Абзал Құттыбеков күміс алды.
51 келідегі Даниял Сәбит пен +92 келідегі Аманат Сабырғали қола иеленді.
Фото: 1bol

Самое читаемое
