457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зайнутдинов қыркүйек айындағы құрама ойындарына қатыса ма?

Бақтиер Зайнутдиновтің футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі ойынына қатыса алмайтыны белгілі болды.


J тобында сынға түсіп жатқан ұлттық құрама 4 қыркүйекте елордада Уэльспен жасыл алаңға шықса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен шеберлік байқасады.

Ресейлік «Динамо» (Мәскеу) клубында ойнайтын Бахтиёр алған жарақатына байланысты бұл ойындардан шет қалып отыр. 

Қазір қазақстандық футболшылар Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған Ресейдің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп пен «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов келіп қосылды.

Сондай-ақ Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алған алматылық «Қайрат» командасының Қазақстан Премьер-лигасы 22-турдағы «Оқжетпеспен» ойыннан кейін Дастан Сәтпаев, Дамир Қасаболат, Темірлан Анарбеков ұлттық құрама сапын толықтырды. 

Фото: ҚФФ