Қазақстандық садақшылар көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

«Міндетті  түрде көпшілікті алтынмен қуантамыз», - дейді ұлттық құрама мүшелері.

Malim Админ

  • 19.08.2024

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшылары  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтарын қыздыра түсті. Садақшылар дүбірлі додада сайыс өтетін алаңда, яғни «Қазанат» ипподромында шеберліктерін шыңдауда.


Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, бүгінде ДКО аясында өтетін дәстүрлі садақ ату сайысына қатысуға 35 мемлекеттен өтініш түскен.

«Қазір аккредация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байрақты бәсекеде Түркия, Малайзия, Қырғызстан, Венгрия, Ресей сынды мемлекеттердің садақшылары жақсы өнер көрсететіні белгілі. Дегенмен, біздің спортшыларымыз өздерінің мықтылығын дәлелдейтініне сенімдімін», - дейді ол.

Көшпенділер ойындарына деген дайындықтары жайлы дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшелері де айтып берді.

«Бұл бәсеке біздің алаңда өтетін болғандықтан мойнымызда зор жауапкершілік бар екенін білеміз. Ал сайыс өтетін алаңда жаттығу біз үшін жақсы мүмкіндік. Өйткені бұл жерді толық зерттеп, климатын, жел жылдамдығын, нысананың орналасуы сынды маңызды тұсттарды түртіп алып жатырмыз», - деп атап өтті садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Бақберген Сәлімов.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына өте аз уақыт қалды. Әрине, біз дайындығымызды қыздыра түстік. Менің ойымша, байрақты бәсеке елімізде өтетіндіктен, міндетті  түрде көпшілікті алтынмен қуантамыз», - дейді садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ажар Рахметқызы.

Еске сала кетейік, Республикалық «Дәстүрлі садақ ату» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Көкпар», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Фото: Ұлттық спорт федерациясы 

Байланысты жаналықтар

Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

13.09.2024

Жеңімпаз болған қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады?

12.09.2024

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

12.09.2024

Көшпенділер ойыны: қазақстандық екі садақшы финалда

10.09.2024

Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қай елде өтеді?

10.09.2024

Жұмажан Қожамбеков – қазақ күресінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы

09.09.2024
MalimBlocks
Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

Көкпарда қамшысын сілтеп жіберсе, аса бір арызданатын жағдай емес

Жеңімпаз болған қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады?

Бүгін жерлестеріміз көкпар сайысында қырғыздардан басым түсті

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Ойын өте тартысты өтті

Көшпенділер ойыны: қазақстандық екі садақшы финалда

Сайысқа 33 мемлекеттен 120 ер және 60 әйел қатысуда

Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қай елде өтеді?

Бұл туралы Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлімдеді

Жұмажан Қожамбеков – қазақ күресінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы

Бұл – қазақ күресінен Ұлттық құрама қоржынындағы сегізінші алтын