Көшпенділер ойыны: қазақстандық екі садақшы финалда

Сайысқа 33 мемлекеттен 120 ер және 60 әйел қатысуда

Malim Админ

  • 10.09.2024

Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дәстүрлі садақ ату бойынша Қалқан нысанасын көздеуден сайыс өтіп жатыр. Оған 33 мемлекеттен 120 ер және 60 әйел қатысуда.


Қалқан нысанасын көздеуде ерлер 60 метр, әйелдер — 50 метр қашықтықта нысана көздейді. Мұнда әр спортшыға 7 мүмкіндіктен беріледі, әр мүмкіндікте 3 минут уақыт болады және 7 жебе атылады.

Әр тиген оққа 1 ұпай беріледі, ең жоғары ұпай — 49. Ұпай сандары тең түскен жағдайда 7 жебемен тағы бір мүмкіндік беріледі. Тағы да тең түссе — нысананың ортасына ең жақын тиген оқ есепке алынады. 

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында қазақстандық Ербол Тәпенов пен Қанат Қасымхан, мажарстандық Ласло Кочка және моңғолиялық Цэвээн Худерчулуун финалға шықты. 

Әйелдер арасында бүгін қазақстандық спортшылар финалға шыға алмады, жүлде орындар үшін ресейлік Анна Алексеева, мажарстандық Барчай Николет Илона, үндістандық Сури Рено және қырғызстандық Әсел Садырова таласады. 

Финал ойындары бүгін Астанадағы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде сағат 16:00–де басталады. 

Айта кетейік, кеше Дәстүрлі садақ атудан Пута нысанасын көздеуде қазақстандық спортшылар бір алтын, 2 қола медаль жеңіп алды. 

Бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спортшылар жалпы 10 спорт түрінен сынға түседі.

Фото: М.Шағырбаев/Kazinform  

Байланысты жаналықтар

Бүгін жерлестеріміз қандай спорт түрлерінен сынға түседі?

09.09.2024

Қазақстандық садақшылар көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

19.08.2024

ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫ–ДАМУ БАСПАЛДАҒЫНА БАСТАЙДЫ

12.01.2024

Диас Ахметов:  «Садақ атуды футболдың деңгейіне шығарамыз!»

06.02.2023

Ұлттық спорт қауымдастығының Алқа отырысы өтті  

27.01.2023

Дидар Оралбекұлы:  Қаланың баласы атқа қызықпайды дейтіндер қателеседі   

17.01.2023
MalimBlocks
Бүгін жерлестеріміз қандай спорт түрлерінен сынға түседі?

Көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды

Қазақстандық садақшылар көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

«Міндетті  түрде көпшілікті алтынмен қуантамыз», - дейді ұлттық құрама мүшелері.

ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫ–ДАМУ БАСПАЛДАҒЫНА БАСТАЙДЫ

Диас Ахметов:  «Садақ атуды футболдың деңгейіне шығарамыз!»

Дәстүрлі садақ ату спортын бір жүйеге келтіруіміз керек

Ұлттық спорт қауымдастығының Алқа отырысы өтті  

Қазақстанның көшпелі мәдениеті мен имиджін шетелде дамытуды  көздейтін жоспарлар бар

Дидар Оралбекұлы:  Қаланың баласы атқа қызықпайды дейтіндер қателеседі   

Басында тосырқай қарағанмен, қазір көзқарасы басқаша