freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ұзақ үзіліс болды": Мөлдір Әуелбекова ел естімеген құпиясын ашып айтты

Қоғам •
"Ұзақ үзіліс болды": Мөлдір Әуелбекова ел естімеген құпиясын ашып айтты
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзақ үзілістен кейін шығармашылығына қайта белсенді кіріскенін мәлімдеді. Өнер иесінің жазуынша, карантин мен декреттен кейін сахнаға толыққанды оралу оңай болмаған, деп хабарлайды Malim.kz.

"Ұзақ үзіліс болды. Карантин және декрет. Биыл күш-жігерімді жинап, шығармашылығыма толық кірістім. Оңай емес, әрине. Көрерменнің талғамы өзгерген, талабы да жоғары", – деп жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекова биылғы шығармашылық маусымды мерейтойлық гастрольдік сапармен бастағанын да айтты. Оның сөзінше, басты мақсаты – жеке концерттері арқылы көрерменімен қайта қауышып, халықтың батасын алу болған.

"Мақсатым – жеке ән кештерімде халықтың батасын алу еді. Алдым. Рақмет! Ризамын! Сағынысып қалғанымыз тағы бар", – деді өнер иесі.

Әнші гастроль кезінде көрерменнің ерекше ықыласын сезінгенін және осы сапардан кейін шығармашылық шабыт алғанын атап өтті.

"Гастрольдік сапарда үлкен қошеметке бөленіп, шабытым тасып келдім. Сол деммен өз тыңдарманымды жиі-жиі Құдайдың берген талантымен қуантуға тырысып жүрмін", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Мөлдір Әуелбекова алдағы уақытта тыңдармандарына жаңа жобалар ұсынатынын аңғартты.

"Бұйырса, білек сыбана кіріскен шығармашылығымның жаңа дәуірін тамашалай жүріңіздер, құрметті тыңдарманым", – деп түйіндеді әнші.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова Қазақстаннан кетуге дайындалып жатқанын айтып еді.

Мөлдір Әуелбекова туралы қысқаша мәлімет

Мөлдір Әуелбекова – қазақстандық әнші, актриса және тележүргізуші. Ол 1986 жылғы 10 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген. Өнер иесі көпшілікке "КешYou" тобының құрамында танылып, кейін жеке шығармашылық жолын бастады.

Мөлдір Әуелбекова 2004 жылы "SuperStar.kz" жобасына қатысып, көрермен назарына ілікті. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған. Студенттік жылдары "Саф" тобының құрамында өнер көрсетіп, кейін бұл ұжым "КешYou" атауымен танымал болды.

2012 жылдан бастап әнші жеке шығармашылықпен айналыса бастады. Оның репертуарында "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Бір сен үшін", "Толғау", "Өсиет" секілді әндер бар. Сонымен бірге Мөлдір Әуелбекова "Ғашық жүрек" және "Ғашық жүрек-2" фильмдерінде рөл сомдаған.

2018 жылы өнер және мәдениет саласына қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу