freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сүлеймен мен Хюррем араға 15 жыл салып, қайтадан бас қосты

Шоу-бизнес •
Сүлеймен мен Хюррем араға 15 жыл салып, қайтадан бас қосты
Фото-коллаж: malim.kz

Кезінде "Ғаламат ғасыр" телехикаясындағы Сүлеймен мен Хюрремнің хикаясын миллиондаған көрермен тамашалады. Енді сол кейіпкерлерді сомдаған Халит Эргенч пен Мерьем Үзерли араға 15 жыл салып, бір жобада қайта бас қосты. Бұл жолы олар тарихи сарайда емес, романтикалық драмада кездеседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бәрі "Ғаламат ғасырдан" басталды

2011 жылғы 5 қаңтарда Түркияда "Muhteşem Yüzyıl" ("Ғаламат ғасы") телехикаясының алғашқы бөлімі эфирге шықты. Осман империясының сұлтаны Сүлейменнің рөлін Халит Эргенч, ал Хюррем сұлтанды Мерьем Үзерли сомдады. Телехикая төрт маусымға созылып, барлығы 139 бөлім түсірілді.

Сүлеймен мен Хюррем арасындағы қарым-қатынас туындының негізгі желілерінің біріне айналды. Халит Эргенч телехикаяның барлық 139 бөліміне қатысса, Мерьем Үзерли Хюррем бейнесін 2011-2013 жылдары 100 бөлім бойы сомдады. Кейін актриса жобадан кетіп, Хюрремнің есейген шағын Вахиде Перчин ойнады.

Осылайша көрермен сүйіп қалған экрандық жұптың ортақ жұмысы 2013 жылы аяқталды. "Ғаламат ғасырдың" өзі 2014 жылғы 11 маусымда 139-бөліммен мәресіне жетті.

15 жылдан кейінгі кездесу

2026 жылы Халит Эргенч пен Мерьем Үзерлидің қайтадан бір жобада ойнайтыны белгілі болды. Екі актер "İmroz’da Bahar" ("Имроздағы көктем") атты фильмнің басты рөлдерін сомдады. Түрік БАҚ-тары мұны олардың 15 жылдан кейін бір жобада қайта қауышуы деп сипаттады.

Жаңа туындының "Ғаламат ғасырға" қатысы жоқ. Бұл жолы оқиға сарайдағы билік пен тақ таласы төңірегінде емес, Гөкчеадада өрбиді. Өткенінде күрделі оқиғалары бар екі адамның жолы аралда тоғысып, олар өмірдің екінші мүмкіндік бере ала ма деген сауалмен бетпе-бет келеді. Фильмде махаббат пен өмірді қайта бастау тақырыбы қозғалады.

Жаңа фильмнің түсірілімі аяқталды

"İmroz’da Bahar" фильмінің режиссері әрі сценарий авторы – Өзджан Алпер. Картинаның түсірілімі Гөкчеадада аяқталған. Ал 2026 жылғы 30 қыркүйекте Халит Эргенч пен Мерьем Үзерли бейнеленген негізгі афиша жарияланды.

Қазіргі мәлімет бойынша, фильм алдымен Түркияда цифрлық платформа арқылы көрсетіліп, кейін 50-ден астам елдің көрерменіне ұсынылмақ. Нақты премьера күні әзірге жарияланған жоқ.

Сөйтіп, 2011 жылы Сүлеймен мен Хюррем болып көрермен есінде қалған Халит Эргенч пен Мерьем Үзерли енді мүлде басқа кейіпкерлердің тағдырын экранға алып шығады. "Ғаламат ғасырдағы»" тарихи махаббаттан кейін олардың жаңа экрандық жұбы қандай болатыны – фильмнің ең қызықты тұстарының бірі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу