457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның Солтүстік Македонияға қарсы матчқа шығатын құрамы анықталды

Бүгін Астанада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македонияға қарсы ойында Қазақстан құрамасы алаңға шығатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қақпада – Мұхамеджан Сейсен (“Астана”). Бұл – оның ұлттық құрамадағы үшінші ойыны. Ол 2021 жылы македондықтарға қарсы жолдастық кездесуде дебют жасаған (0:4), ал биыл наурызда Лихтенштейнге қарсы “құрғақ” матч өткізді (2:0).

Команданың капитаны – Асхат Тағыберген (“Тобыл”).

Словакиялық “Кошице” клубында өнер көрсететін Ғалымжан Кенжебек негізгі құрамда алаңға шығады. Ол Беларусьпен өткен соңғы матчта (4:1) гол авторы атанған. Ал Дастан Сатпаев бұл ойынды қосалқы құрамда бастайды.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Мұхамеджан Сейсен (“Астана”)

Султанбек Астанов (“Ордабасы”)

Марат Быстров (“Астана”)

Сергей Малый (“Ордабасы”)

Нұралы Әліп (“Зенит”, Ресей)

Ян Вороговский (“Астана”)

Ислам Чесноков (“Тобыл”)

Исламбек Қуат (“Женіс”)

Асхат Тағыберген (“Тобыл”)

Ғалымжан Кенжебек (“Кошице”, Словакия)

Максим Самородов (“Ахмат”, Ресей).

Солтүстік Македония құрамасының

құрамы: 

Столе Димитриевски (“Валенсия”, Испания)

Стефан Деспотовски (ОФК, Сербия)

Джеко Зайков (“Университатя Крайова”, Румыния)

Висар Муслиу (“Сент-Труйден”, Бельгия)

Элиф Элмас (“Торино”, Италия)

Эзджан Алиоски (“Аль-Ахли”, Сауд Арабиясы)

Александр Трайковски (“Хайдук”, Хорватия)

Энис Барди (“Бодрум”, Түркия)

Дарко Чурлинов (“Ягеллония”, Польша)

Тихомир Костадинов (“Пяст”, Польша)

Боян Миовски (“Жирона”, Испания)

Ойынның басталуы – 19:00. Тікелей эфир – Qazsport телеарнасында болады.

ӘЧ-2026 іріктеуіндегі жағдай

Қазақстан құрамасы наурыз айында сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңіп, Уэльстен 1:3 есебімен жеңілген болатын. Бұл – команда үшін іріктеу кезеңіндегі алғашқы үй матчы.

Солтүстік Македония құрамасы Лихтенштейнді 3:0 есебімен ұтып, Бельгиямен (1:1) және Уэльспен (0:0) тең түсті.

Фото: ҚФФ

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған