Құрбандық шалмай, садақа бере салса бола ма?

Берік Жанатханұлы

  • 12.07.2021

Ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер саналады. Һижри жыл санауы бойынша 1442 жылдың зұлхижжа айы 11 шілде күні басталды. Ал арапа күні 19 шілдеге сәйкес келеді. 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көптеген мұсылман елдерінің ғұламаларымен кеңесіп, осындай пәтуа қабылдады.

Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ынтамен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.

Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін» деген.

Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде бай адамға құрбандық шалу міндет (уәжіп) болады. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» деп бұйырған («Кәусар» сүресі, 2-аят). Хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрбандыққа екі ақ қошқарды жатқызып, аяғымен тіреп, бисмилләні және тәкбірді айтып, бауыздады», – делінген (Бухари мен Мүслим).

Ханафи мәзһабы бойынша құрбан айт күндері құрбан шалу бай[1], муқим (жолаушы болмаған), азат мұсылманға – уәжіп.

Алла Тағала Құран Кәрімде:

فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ

«Ендеше, Раббың үшін намаз оқы да, құрбан шал»[2], – дейді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

  مَنْ كَانَ لَهُ سَعَةٌ وَلَمَ يُضَحِّ فَلاَ يَقرَبَنَّ مُصَلَّاَنَا

«Кімде-кім шамасы бола тұрып құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жоламасын»[3], – деген. Мұндай ескерту уәжіп міндетін орындамаған адамға қаратып айтылады.

Тағы бір хадисте:

 مَنْ ذَبَحَ قَبْلَ الصَّلَاةِ فَلْيَذْبَحْ شَاةً مَكَانهَا وَمَنْ لَمَ يَكُنْ ذَبَحَ فَلْيَذْبَحْ عَلَى اسْمِ اللَّهِ

«Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын. Ал кім шалмаған болса, Алланың есімімен бауыздасын»[4], – делінген.

Сондықтан біздің мәзһабта құрбан айт күндері құрбандықты бауыздамай, ақшасын садақа ете салу дұрыс емес. Өйткені, шариғат бойынша құрбандық малын бауыздап, қан ағызу – міндет[5].

Алайда, сатып алған құрбандығын айт күндері шала алмаса, оны тірідей садақа етеді. Ал егер құрбандықты сойып қойған болса, оның барлық етін мұқтаждарға таратады, өзі одан ештеңе жемейді. Өйткені, уақыты өтумен құрбандық міндеті садақа міндетіне ауысады. Егер құрбандықты әлі сатып алмаған болса, құрбандық құны мөлшерінде садақа етеді.

Демек, құрбандық шалуға міндетті болған адам белгілі малды бауыздап қан шығаруы тиіс.   

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 

[1] Бай деп құрбан айт күні өзінің және отбасының негізгі қажеттелігінен артық мал-дүниесі зекет нисабына жеткен (85 грамм алтыны, 40 қойы, 30 қарамалы немесе 5 түйесі бар) адамға айтылады.

[2] Кәусар сүресі, 2-аят.

[3] Ахмад риуаят еткен.

[4] Мүслим риуаят еткен.

[5] Радд ул-мухтар, 9/454.

muftyat.kz

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

23.03.2025

Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды

23.03.2025

Әлем чемпионаты - 2026. Іріктеу турнирінде Қазақстан Уэльстен ұтылды

23.03.2025

«Футбол бұл бизнес емес». Бас бапкер Уэльстен жеңілуіміздің себебін түсіндірді

23.03.2025

Футболдан ұлттық құрама мүшелері 100 пайыз ораза ұстайды

22.03.2025

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

18.03.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

Әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен үйлену мерзімі туралы ой бөлісті

Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды

Әлем чемпионаты - 2026. Іріктеу турнирінде Қазақстан Уэльстен ұтылды

Бұл әлемдік футбол додасына іріктеу бойынша алғашқы матч

«Футбол бұл бизнес емес». Бас бапкер Уэльстен жеңілуіміздің себебін түсіндірді

Футболдан ұлттық құрама мүшелері 100 пайыз ораза ұстайды

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген