Саша Коэн неге Қазақстанды әжуалағанын айтты
Британдық коммик Саша Барон КОЭН «Борат» және «Борат-2» фильімінде неге таңдауы Қазақстанға түскенін айтты. Бұл туралы актер The New York Times басылымына айтқан.
«Бұл комедия, бұл кинодағы Қазақстанның шын өмірдегі Қазақстанмен еш байланысы жоқ. Қазақстанды таңдаған себебім АҚШ-та бұл ел туралы адамдардың көбі білмейді. Бұл бізге жабайы, күлкілі, жасанды әлем ойлап табуға септесті.Шындығында Қазақстан ғажап ел. Бораттың нұсқасына қайшы өркениетті қоғамы бар», - деді Саша Коэн.
25 қазан күні Алматыда қаласында «Намыс» қозғалысының өкілдері «Борат-2» фильміне қарсы акция ұйымдастырып, АҚШ консулдығына арнайы петиция тапсырған. Белсенділерді консулдық алдында ғимараттың қауіпсіздігіне жауапты полиция қызметкері күтіп алған болатын. Олар петицияны тапсыруға тек бір адамның кіре алатынын айтты. «Намыс» қозғалысының жетекшісі Азамат Ғалымжанұлы мен ұйым мүшесі Мақсат Мамадияров консулдық өкілінің сыртқа шығуын немесе ішке екі адамның кіруіне рұқмат беруді талап етті. Кейіннен полиция екі адамның ішке кіруіне келсіті. Азамат Ғалымжанұлының сөзінше, белсенді жастар АҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Эрик Майердің атына «Борат-2» фильміне тыйым салуды талап етіп петиция жазған.
Оқи отырыңыздар: «Борат-2» фильміне қарсы жастар АҚШ консулдығына барды
Сондай-ақ, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты мәлімдеме де жасаған еді.
«Борат-2 фильмі — коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы», -делінген хабарламада.