«Борат» фильмнің продюсері қазақстандықтардан кешірім сұрады

Самғар Рақымның «Көше ақыны» фильмі «Ең үздік қысқаметражды фильм» жүлдесін жеңіп алды

Malim Админ

  • 11.04.2022

Өткен аптада АҚШ-тың Annapolis қаласында өткен кинофестивалде отандасымыз кинорежиссер Самғар Рақымның «Көше ақыны» фильмі «Ең үздік қысқаметражды фильм» жүлдесін жеңіп алған болатын. Бұл туралы режиссер өзінің парақшасында жариялады.

Т. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының магистранты Самғар Рақымның «Көше ақыны» фильмі Түркия, Бразилия және Ресейде ең үздік «Short film» номинациясын иеленген.

Самғар Рақым АҚШ-тағы марапттау кезінде атышулы «Борат» фильмінің продюсері Моника Левинсонмен кездесіп, «сіздер біздің бала жүрегізге жара салдыңыздар» деп көпшіліктің наразылығын жеткізген екен.

«Кинофестивальге «Борат» фильмінің продюсері Моника Левинсон келеді дегенді естідік. Достарыма аталған фильмнің негізін қалаған адам келетінін айтқанымда, бәрі «шапалақпен тартып жібер» деп әзіл-шыны аралас пікірлерін білдіріп жатты. «Боратты» көргенде ашуланбаған қазақ кемде кем шығар, өзге ұлттың өкілдері де «Бораттың елі» деп мазақ еткен сәттер болды. Уақыт өте келе өзіңе қатысы жоқ нәрсені тым салмақты, шынайы деп қабылдамау қажеттігін ұқтым. Дегенмен өзімен кездескен кезде бір ауыз пікірімді білдіріп, бүтін ұлттың болмысына кір келтірмеу қажеттігін айттым», – дейді Самғар Рақым.

Самғардың сөзін естіген Моника қазақстандықтардан кешірім сұрап, о бастағы мақсаттарының мүлдем басқа болғанын жеткізген.

«Ол кісі ішке кіріп келе жатқанда үрейленіп тұрды, жанына еңгезердей бір жігітті ертіп алыпты (күліп). Өзі «Борат шыққаннан кейін, Қазақстаннан поштама «сені өлтіреміз» деген хаттар жиі келді. Осы фильмнен соң жаныма күзетші алып жүруге мәжбүр болдым» деді. Оның үстіне, Америкада да қазақтар өте көп, тіпті, біразы іздеген екен.  Мен оған «Сіз менің балалық шағыма жара қалдырдыңыз, психологиялық тұрғыдан «Борат» қазақстандықтардың біразына ауыр тиді» дедім. Ол «Оу, сіздерден кешірім сұраймын! Біздің мақсатымыз басқа болған, кешір балам!. «Бораттың» сценарийін жазған кезде нақты бір елді алмақ болдық. Содан картаны ашып, жер көлемі бойынша әлемдегі 9-орынға ие елді қалайша ешкім білмейді деп Қазақстанды зерттеуге кірісіп, кейін сценарийін жаздық. Мақсатымыз – Американы әшкерелеу болған. Барша қазақстандықтарға менен сәлем айт!» деді. Мен ғой кешіре саламын, бірақ сізді менің достарым кешірмейді! Қазақстанға ешқашан барушы болмаңыз! «Қазақстан» шоколады керек болса, мен әкеліп беріп тұрайын дедім (күліп)», – дейді режиссер.  

Осылайша, ол өзімен бірге апарған шағын сыйлығын ұсынған.

«Өзіммен алып барған «Қазақстан» шоколадын ұсындым, содан соң айналдырғанда Абайдың «Көзімнің қарасы» әні ойнайтын шағын музыкалы қобдишаны сыйладым. Қазақстан туралы, кино туралы біраз әңгімелестік. Негізі, фильмді қарасаңыздар камераны қойып қойып, бақылау жасаған. Яғни, репортаж стилінде түсірілген. Осы фильмнен соң, америкалықтардың өзі аталған фильм үстінен «бізді мазақ қылды, сыртымыздан айтпай түсіріп алды» деп арыз түсірген екен.

Шынтуайтында, фильм америкалықтарды көрсеткен. Бір топтың ұлтшыл, енді бір топтың өзін ақсүйек санаушылар, келесі бір топтың ақымақ екенін мазақ қылған. Біз өзіміз оны тым салмақты қабылдап кеттік. Бүгінде әлем бізді Димаш, Гена арқылы таниды», дейді режиссер.

Сондай-ақ, Самғар Рақым АҚШ-тың The George Washington университеті Абай орталығының (AbaiCenter) ұйымдастыруымен “Көше ақыны” фильмінің көрсетілімі өтті. Вашингтондағы қазақтар мен қатар өнер сүйер қауым жылы қабылдағанын айттады режиссер.

Самғар Рақым 2019 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясын Дәмір Манабайдың шеберханасынан бітірген. Оның «Малыбайдағы оқиға», «Дикие дни», «Дипломмен ауылға», «Карантин күнделігі» фильмдері фестивальдерден жүлде алып жүр. 2020 жылы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған жобалар питчиңінің «Қысқаметрлі фильмдер» секциясында «Көше ақыны» сценариі үздік шығып, фильмді жарыққа шығаруға мүмкіндік алды. 

Бақыт БЕКОВ

Байланысты жаналықтар

«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

16.11.2024

«Маған көрсетпеді»: Ханбибі Есенқарақызы «Нұрикамал» фильмі туралы айтты

13.11.2024

921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

08.10.2024

Qajymuqan көркемфильмі 10 қазаннан көрсетіле бастайды

28.09.2024

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

27.09.2024

Атақты кино жұлдызы Ален Делон қайтыс болды

18.08.2024
MalimBlocks
«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

Фильм ауыл өмірінің қиын тіршілігін бейнелейді

«Маған көрсетпеді»: Ханбибі Есенқарақызы «Нұрикамал» фильмі туралы айтты

921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

2019-2021 жылдары «Выбор» кинофильміне 500 млн теңге бөлінген

Qajymuqan көркемфильмі 10 қазаннан көрсетіле бастайды

Фильм 4 жыл түсірілген

Қазақстандық фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Америка киноакадемиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді

Атақты кино жұлдызы Ален Делон қайтыс болды

Ол өз мансабын 1957 жылы бастап, француз киносының ең жарқын жұлдыздарының біріне айналды