Отандық фильмдерден түскен табыс қандай?

Бірінші кредиттік бюро 2024 жылы қазақстандық фильмдердің прокатынан еліміздегі кинотеатрлар қанша табыс тапқанын жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші несиелік бюроның мәліметінше, 2024 жылы отандық фильмдердің прокатынан түскен табыс 17,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғымен салыстырғанда 19,3% артқан.
Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы қазақстандық фильмдер 14,7 млрд теңге табыс әкелген, сол жылы өсім рекорд 58,5%-ға жеткен.
Қызығы, сол кезеңде шетелдік фильмдерден түскен табыс тек 17,8% артып, 24,2 млрд теңге болған. Осылайша, отандық киноның өсу қарқыны халықаралық прокатты сәл де болса басып озған.
Фото: Pixabay.com

Ең көп оқылған
