457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атақты актерлер мен режиссерлер Израиль киностудияларынан бас тартты

Әйгілі кино жұлдыздары мен режиссерлер Израиль киностудияларымен бірге жұмыс істеуден үзілді-кесілді бас тартты, деп жазды Анадолы. 


Оскар, BAFTA, Эмми және Канн кинофестивалінің лауреаттары қатарындағы 1300-ден астам актер, режиссер және продюсер палестиналық халыққа қарсы геноцид пен апартеидке қатысы бар Израиль киностудияларымен жұмыс істеуден бас тартатынын мәлімдеді.

Манифестке қол қойғандар арасында әлемге танымал актерлер Оливия Колман, Марк Руффало, Риз Ахмед, Тильда Суинтон, Хавьер Бардем және Сьюзан Сарандон, сондай-ақ режиссерлер Йоргос Лантимос, Ава Дюверней және Адам Маккей бар.

Мәтінде киноөндіріс саласындағы актерлер, продюсерлер мен ұйымдар киноның қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін түсінетіні айтылған.

— Газа секторындағы жаппай қырғынды көптеген үкіметтер қолдап отырған осындай сын сәтте, біз қатыгез әрекеттердің ортақтасына айналмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, — делінген манифест мәтінінде.
Авторлар атап өткендей, Халықаралық Сот (ХС) Газа секторында геноцид қаупі «орынды» екенін мәлімдеген. Сонымен қатар, Израильдің палестиналықтарды оккупациялап, апартеид саясатын жүргізуі халықаралық құқыққа қайшы екенін еске салады.

— Барлық адамдар үшін теңдік, әділдік пен бостандықты қорғау — елемеуге болмайтын терең моральдық міндет, — делінген үндеуде.
Сондай-ақ, палестиналық кинематографистердің халықаралық киноиндустрияға үнсіздікті тоқтатып, палестиналықтарға қатысты адамгершілікке жатпайтын әрекеттер мен нәсілшілдікке қарсы сөз айтуға шақырғаны айтылған.

Манифест мазмұны:
Актерлер мен режиссерлер (арасында Оскар, Эмми, BAFTA, Канн лауреаттары бар), монтажшылар мен кино бағдарламалаушылар қол қойған мәлімдемеде мынадай сөздер бар:

— Апартеидке қарсы киноқозғалыстың» бастамасымен шабыттанып, кезінде өз фильмдерін Оңтүстік Африкада көрсетуден бас тартқан кинематографистер сияқты, біз де: Палестиналық халыққа қарсы геноцид пен апартеидке қатысатын Израиль киноұйымдарымен (фестивальдер, кинотеатрлар, дистрибьюторлар мен продюсерлік компаниялар) ынтымақтастық орнатпауға, олардың іс-шараларына қатыспауға және фильмдерін көрсетпеуге міндеттіміз.

Фото: Анадолы

 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00