457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әнші Жұлдыз Өмірғали кино түсірмек

Сценарийі жазылып жатыр

Әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали кино саласына бет бұратынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.

"Адам әрқашан өзіне мақсат қойып, сол арманына жеткісі келеді ғой. Аман-есен баламды дүниеге алып келгеннен кейін кино түсіру жоспарымда бар. Қазір сценарий жазу процесіндемін. Жарты жылдан асты қалай сценарий жазу керек екенін зерттеп жүрмін. Кітабын да оқыдым, видеосын да көрдім", - деді Жұлдыз Өмірғали. 

Желі қолданушылары Айқынның екінші әйелінің бұл бастамасына қатысты түрлі пікір жазды. 

"Сөздік қоры аз екен", "Қойшы, айналайын. Енді сен қалып едің кино түсірмеген", "Бірінші сөйлем құрауды үйреніп алу керек-ау", "Бәрі кино түсіргіш болып кеткен", деді олар. 

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official