Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

Арман Қайыпхан

  • 10.04.2025

Қазақстанда "Кино туралы" заңға бірқатар өзгерістер енгізілмек, деп жазады Malim.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Кино – идеологиялық ықпалдың маңызды құралы. Сондықтан кинотеатрларда көрсетілетін фильмдердің мазмұнына бақылауды күшейту күн тәртібіне қойылып отыр. Осы мақсатта кинопрокат саласын реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірленуде", – деді министр.

Жоспарланған өзгерістер қатарында мыналар бар:

  • Прокатқа шығар алдында фильмдерді алдын ала қарау және сараптамадан өткізу үшін арнайы комиссия құру;
  • Прокат куәлігін беру мерзімін 7 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін ұзарту;
  • Кинотеатрларда көрсетілетін фильмдердің толық нұсқасын ұсынуды міндеттеу.
  • Министрдің айтуынша, қазіргі заңнама тек қысқа трейлерлерді (тизерлерді) қарауға мүмкіндік береді. Бұл фильм мазмұнын, оның ішінде жағымсыз контент немесе жат идеология бар-жоғын толық анықтауға мүмкіндік бермейді.

Бұған дейін еліміздің кино саласына бөлінетін қаржы цифрлық бақылауға алынатыны хабарланған еді. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Олжас Бектенов кинонен түсетін табыстың басым бөлігі кинотеатр иелерінің пайдасына кететінін атап өткен болатын.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Танымал қазақстандық дирижер қайтыс болды

08.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

18.03.2025

Тек ақша табуды ойламай, киноның сапасына мән беру қажет – Бектенов

18.03.2025
MalimBlocks
«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Танымал қазақстандық дирижер қайтыс болды

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

Тек ақша табуды ойламай, киноның сапасына мән беру қажет – Бектенов