freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту» жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Саясат
Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту» жөніндегі Жарлыққа қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға бағытталған жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжатта кітап оқу мәдениетін дамыту, заманауи кітапханалар мен қоғамдық кеңістіктер ашу, ұлттық әдеби мұраны насихаттау және отандық жазушыларды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттары ретінде айқындалған.

Жарлыққа сәйкес:

  • Үкімет балалар мен жастар арасында кітап оқуды насихаттайтын кешенді шараларды жүзеге асырады.
  • Жаңа форматтағы кітапханалар ашылып, заманауи ақпараттық жүйелер енгізіледі.
  • 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы іске қосылады.
  • Ал 2026 жылдың соңына дейін жасанды интеллектіні дамыту жағдайында 2027–2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы бекітіледі.
  • Құжатта 2027 жылға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа заң жобасын әзірлеу, кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктер үшін Ұлттық сыйлық тағайындау және бірыңғай Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру міндеттері де қамтылған.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу