«Әлсіздік деп ойламаңдар, Шейіт кетсем мен енді». Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өлеңдерін жариялады

Malim Админ

  • 24.02.2025

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов ақынжанды адам болғанға ұқсайды. Жүнісова жарының 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзіндіні Instagram парақшасында жария етті. 

Әнші желі парақшасында видео жариялап, онда қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің соңғы өлеңдерінен үзінді келтірген. Марқұм мемлекет қайраткерінің өлең жолдарын назарға ұсынамыз:

Мақпалға 
Сенесің бе? 
Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін. 
Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін... 
"Махаббат бар" - жетеді деп, қолды көп жыл сермеппін... 
Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппін... 
Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін... 

Элегия 

Бәрі сатты, жалғыз қалдым 
Заңы солай аздықтың, 
Ізсіз жаудан өсті тікен, 
У боп шықты қастықтың. 
Байқамаппын қызғанышты, 
Залымдықты ескермей, 
Қанпезерлер бой көтерді — 
"Жемісі" ғой жастықтың. 
Қанпезерлер гүл жайнап жүр 
"Жемісін" деп мастықтың, 
Оқ қағары жалғыз мен ем, 
Сонда неге асықтым? 
Сол адамның тағын қорғап 
Бекер төккен терлерім, 
Бұршақ болып қайтып жатыр 
Зәр бұлтынан пасықтың. 
Жаба алмайсың абақтыңа, 
Былғатпаймын денемді, 
Жіберсең де шабуылға 
Топ-топ болған кенеңді. 
Ұстамдылық, бар төзімді 
Тек жеңіске арнап ем, 
Әлсіздік деп ойламаңдар, 
Шейіт кетсем мен енді. 
30.04.2005 ж. 

Байқамаппын салмағын, 
Өмір зілін, жалғанын. 
Махаббат бар деп өзіңмен
 От боп лаулап жанғанмын. 

Жаным енді төзерсің, 
Тағдыр басқа салғанын, 
Жақсы басар жаманды 
Алла айтар талғамын. 

Жаратқан ием қолдаса, 
Күшейтер саған қорғанын. 
Жау жеңіліп, сен жеңіп 
Үзерсің шынжыр торларын, 
Әсем ән әлі құлпыртар 
Жарық айдың толғанын. 
Елің көрер ертең-ақ 
Мерей сендей болғанын. 
Сендерге қидым қайшымен 
Ғұмырымның қалғанын. 
Өнердің мәңгі алғасың, 
Алла берсін жалғасын! 
Әумин! 26.08.05 

Кенет өлсем ақ денемді 
Пышақ салып кеспеңдер! 
Іште жатқан бар ізгілік 
Босқа ұшпасын, теспеңдер! 

Ақ жарқынды, ақ келбетті 
Шешем тосып жатыр ғой! 
Мені өсірген ару ана 
Жанына алсын, Батыр ғой!

Еске салсақ, бұған дейін Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты пікір білдірген еді. Өнер иесі жолдасы өзін-өзі аттты деген тұжырымды алып тастау керек екенін жеткізді. Сондай-ақ Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қалай ғашық болғанын айтып берген болатын. Өнер иесі бастапқыда белгілі саясаткерді мүлдем жақсы көрмегенін жасырмады.
Фото: Мақпал Жүнісованың жеке мұрағатынан 
 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

20.02.2025

Дулати Қазақ хандығын қалай зерттеді?

13.02.2025

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков

12.02.2025

Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев

11.02.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

11.02.2025

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

10.02.2025
MalimBlocks
Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

Дулати Қазақ хандығын қалай зерттеді?

Қазақ хандығын тұңғыш зерттеген ғалым - Дулати.

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков

Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның ең жас министрлерінің бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қыркүйекте Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданында қастандықтан қаза болды. Оның өлімі әлі толық ашылған жоқ...

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

Қарағандының 15 шахтасын гoлландықтар сатып алған, сoларды сақтап қалды дeп қуанып жүрмiз. Eкiбастұзды да сатып жiбeрдiк. Ал, oлардың бiр жылда өндiрeтiн 50 миллиoн тoнна көмiрiн əр тoннасын 10 дoллардан сатса, бiр жылдың өзiндe 500 миллиoн дoллар түсiрмeй мe? Oлар oсыны көрe, жылына 100 миллиoн дoллар бөлiп oтыр. Бүкiл Қызылoрданың үмiтi бoлған Құмкөлдi дe сатып жiбeрдiк.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі