457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақын Тұманбай Молдағалиев

Көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. «Пионер» журналында әдеби қызметкер, «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор болған. «Балдырған» журналында жауапты хатшы, «Жалын» альманахының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлеңдерін қазақшалаған. 1968 жылы «Жаңа дәптер» жинағы үшін Республика Комсомолы сыйлығының, 1982 жылы «Жүректегі жазулар» кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. 1992 жылы Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули және Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтарын алды. Қазақстанның Халық жазушысы. «Парасат» орденінің (2004) иегері.

Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтің көптеген әндеріне өлең жазған («Құстар әні», «Құстар қайтып келеді», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем», т.б.). 2007 жылы «Құстар қайтып барады» атты ән текстерінің жинағы шықты.

Ақын 2011 жылы 10 қазанда Алматыда қайтыс болды.