Бүгін – әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні

Ол Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Malim Админ

  • 24.05.2024

Бүгін (1994 жыл) әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы Құдайбергеннің туған күні, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе қаласында туған. Димаштың ата-анасы – танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Ол алғаш рет спектакльде ойнап, көпшілікке таныла бастады. Бес жасында тұңғыш рет музыкалық колледж сахнасында ән салған. Алты жасында "Айналайын" республикалық байқауының "Фортепиано" номинациясында жеңімпаз атанды. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы "Жас қанат" Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы "Восточный базар" Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды.

2013 жылы Димаш Құдайберген "Мейкин Азия" І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар "Славян базары-2015" байқауында Гран-при жеңіп алған. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген "Abu TV" Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің "эстрада өнері" факультетіне түсті. Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән орындайды. Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп екінші орынды жеңіп алды. Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді.

2017 жылы Азияның "Грэммиі" саналатын "Top Chinese Music Award" сыйлығын "Азияның ең танымал әншісі" аталымында жеңіске жетті.

Көптеген халықаралық жүлделердің иегері.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Ақсәуле Бақытбек күйеуінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

26.08.2024

Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік орындарында бейнебаян түсіріп жатыр

20.08.2024

Димаштың ата-анасы боксшы Нұрбек Оралбайға тон кигізді

13.08.2024

Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан концерт береді

02.08.2024

Балжан Бидаш туған күнін ерекше атап өтті

01.08.2024

Димаш Қазақстанда концерт беретін болды

20.07.2024
MalimBlocks
Ақсәуле Бақытбек күйеуінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Іс-шара ашық аспан астында өткен.

Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік орындарында бейнебаян түсіріп жатыр

Димаш Қазақстан туризмінің елшісі атанбақ

Димаштың ата-анасы боксшы Нұрбек Оралбайға тон кигізді

Өнер иелері Айбек Оралбайды да сыйсыз қалдырмады

Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан концерт береді

Халық әртісінің концерті 14 қыркүйекте өтеді.

Балжан Бидаш туған күнін ерекше атап өтті

31 шілде күні әнші 29 жасқа толды.

Димаш Қазақстанда концерт беретін болды

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаштың концертімен жабылады