457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Димаш жолақыны қымбаттатуды ұсынған сарапшыны жұмыстан шығаруды ұсынды

Олжас Байділдинов автобус жолақысын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынған еді

Танымал әнші Димаш Құдайберген Инстаграмдағы парақшасына жазба жариялап, ҚазМұнайГаз-дың бұрынғы басшысы, мұнай сарапшысы Олжас Байділдиновке шүйлікті, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Олжас Байділдинов осыдан бірер күн бұрын газ бағасының қымбаттап жатқанын тілге тиек етіп, Астана мен Алматы қалаларындағы автобуста жол жүрі бағасын 500 теңгеге қымбаттатуды ұсынған еді. Сондай-ақ, қазақ тілін кемсіткен. 

Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілдерін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялып, өзгенің мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес – тамырын жоғалтады. Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Сен қазақша білмегендіктен қазақ тілінде жазбадым, - деп жазды ол.  

Бұған дейін сарапшы О.Байділдинов жол жүру құнын 500 теңге етуді ұсынған болатын. 

Фотоколлаж: Sn.kz