Желіде Димаштың қызбен түскен суреті таралды

Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді сүйіп тұрған суреті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Arasha.kz сайтына сілтеп.
Кадрдан Димаштың Назерке есімді аруды құшақтап тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, бейнеге әншінің күйеу баласы Ермахан Айымханның «Өзің барда» әні қойылған.
Алайда көпшілік бұл суреттер шынайы емес, жасанды интеллект арқылы жасалған деген пікірде.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:
«Бақыт тыныштықты сүйеді», «Димаш, шыдамымызды тауыспа. Үйленген болсаң, біз қуанар едік», «Бақытты болыңдар», «Қарындасы ғой, анық көрініп тұр», «Қарындасын артынан құшақтамайтын шығар», «Фотошоп қой», «Жасанды интеллектпен жасалғаны білініп тұр», «Бір-біріне қатты ұқсайды екен», «Қалыңдығы ма?» – деп жазды олар.
Фото: SN.kz