Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың әнін қазақша шырқады

Латын Америкасындағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақ тілінде әсерлі видео ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz NewTimes.kz cайтына сілтеме жасап.
Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рика елдерінен шыққан әншінің жанкүйерлері «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады. Әннің музыкасын Ренат Гайсин жазса, сөзін Қалқаман Сарин жазған.
Бейнежазбаны әншінің ресми сайты жариялады.
Жобаның көптеген қатысушылары үшін қазақ тілінде ән орындау тек музыкалық тәжірибе ғана емес, Қазақстан мәдениетіне және Димаштың өзіне деген ерекше құрметтің белгісі болғаны атап өтілді.
«Біз өз дауысымыз арқылы тек әуенді ғана емес, осы әннің жанын да жеткізгіміз келді. Димаштың шығармашылығына деген махаббат тілдік және мәдени шекаралардан да асып түсе алатынын дәлелдеуді көздедік», – деп бөлісті жобаның қатысушылары.
Фото: видеодан алынған кадр