Қазақтың көрнекті актері Кәукен Кенжетаев

Malim Админ

  • 23.02.2025

Белгілі актер, КСРО Халық артисі Кәукен Кенжетаев Павлодар облысы Баянауылда (1916-2008) дуниеге келген.. Алматы қаласында қайтыс өмірден өтті.

Аудармашы, әнші (баритон), Қазақ КСР Халық әртісі. 1939 -1941 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы Қазақ студиясында білім алып, 1950  жылы Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1942-1946 жылдары Хабаровск шекарашылар ансамблінде әнші, 1946 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрының әнші солисі болды, 1958 жылы Мәскеу өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің оң күндігіне қатысқан.

Тарғын, Жалбыр, Бекежан (Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібегінде»); Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан – Сарасында»); Сүлеймен (Гаджибековтың «Аршын малалаңында»); Эскамильо (Бизенің «Карменінде») рөлдері – Кәукеннің әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар. 1957 жылы кинорежиссер («Жерге қайтып оралуда»), әнші-артист («Біздің сүйікті дәрігерде»), Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн тусада»), Танабай («Тұлпардың ізінде») және т.б. фильмдеріне түскен.

Сонымен қатар, Кәукен Кенжетаев аудармашылық қызметпен де айналысқан. Аудармалары: «Фигароның үйленуі», «Сильва» операларың қазақ тіліне тәржімалады.

Бірнеше операға либретто жазды, олардың ішінде Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», Т.Мұхамеджановтың «Алдардың айласы» опералары, «Хұсни мен Қорлан» музыкалық комедиясы және т.б. бар.