Қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеев
Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби суретші, кескіндемеші, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл. Ол 1904 жылы қазіргі Жетісу облысы Жаркент өңірінде туған. 1973 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Қазақстанның Халық суретшісі (1944) атағын алған тұңғыш қазақ.

Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби суретші, кескіндемеші, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл. Ол 1904 жылы қазіргі Жетісу облысы Жаркент өңірінде туған. 1973 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Қазақстанның Халық суретшісі (1944) атағын алған тұңғыш қазақ. Ол Қазақстан суретшілер одағын құрушылардың бірі әрі ұзақ жыл одақтың төрағасы болды (1945-1956). Ол қарапайым отбасында дүниеге келген. Ең алғаш Түрксіб теміржолында еңбек еткен.
Ол жастайынан қолөнеріне, суретшілікке бейім болып өседі. Анасы елге белгілі ісмер кісі болған. Анасы киізге өрнек басып, киіз үйге қажетті алаша, бау-басқұр тоқып, текемет басып, кесте тіккен. Әбілхан бала кезінен анасына көмектесіп, ұлттық өнердің сыр-сипатын жете таныған.
Кейін ел арасында жартастарға, қағазға салған алғашқы суреттері тарап, оны Мәскеуге оқуға жібереді. Мәскеудегі көркемсурет студиясында Н.Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алып, кәсіби маман болып жетіледі. Оның суреттері халық өміріне, көшпенділер дүниетанымына жақын болуымен ерекшеленеді. Оның «Автопортрет», «Қарындастың портреті», «Түрксіб», «Мектепте» секілді картиналары өз өмірі мен халық тұрмысын бейнелеуімен құнды. Талмай ізденген суретшінің мыңнан астам жұмысы бар. Қазақстан суретшілерінің ішінде Қастеевтің картиналары ең жоғары бағада сатылған. Оның көптеген картиналары өзінің атына берілген, яғни Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы. Елге сыйға тартқан суреттері болса, мұражай экспонат ретінде қымбат бағаға сатып алуға әзір.
Ол өз жерінің әсем табиғаты, сұлу кескінін, халықтың тұрмысындағы қиындық пен ауыр жағдайын да астарлы бояулармен бедерлеген. «Биік таулы мұз айдын», «Гүл ашқан алма», «Жайлаудағы автодүкен», «Қыз алып қашу», «Сатып алған қалыңдық», «Медеу мұз айдыны» секілді көптеген картиналары мен Абай, Жамбыл, Кенесары, Амангелді батырлардың портреті суретшінің ерекше туындылары есептеледі.
Оның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Биыл 120 жылдығына байланысты республикалық деңгейде іс-шаралар өткізілді.