Режиссер Райымбек Сейітметов
1938-2007 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың даңқты актері

Райымбек Ноғайбайұлы Сейтіметов – 1938 жылы 2-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. Актер, режиссер, педагог, Қазақстанның халық артисі. 1959 жылы Алматы өнер институтын бітірген. 1970-71 жылдары Мәскеу қаласындағы театр өнері институты жанындағы Жоғарғы режиссерлер курсында оқыды.
1959-60 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында, 1960-80 жылдары Қазақ академиялық драма театрында актер, 1976-80ж. Осы театрдың директоры болды. 1980-82 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігінде басқарма бастығы, 1982-1995 жылдан қазіргі қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері әрі көркемдік жетекшісі болды. Сахналық өнер жолын актер болудан бастады. Ол Әубәкір (Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар - айында), Қозы (Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлуында"), Шоқан (С. Мұқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Кочкарев (Н.В. Гогольдің "Үйленуінде"), т.б. рольдерді орындады. Сейтметов режиссер ретінде Б. Майлиннің "Неке қияр" , О. Бодықовтың "Дала тұтқыны", Ә. Таразидің "Жолы болғыш жігіт", С. Ахмадтың "Келіндер көтерілісі", А. Пиранделлоның "Өгей қыз" т. б. көптеген спектакльдер қойды. 1974 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығы берілді.
2007 жылы қайтыс болды.