Өскемендегі Гарант 24 Ломбард басшысы қамауға алынды

  • 24.02.2020
  • Malim Админ

"Гарант 24 Ломбард" жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің Өскемендегі филлиалының директоры ұсталып қамауға алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 4 бөлімі 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы өңірдегі МӘЛІМ сайтының тілшісі хабарлайды.

Дәл бүгінге дейін Өскемен мен Семей қалаларында 28 салымшы полицияға арыз жазып, ақшаларын қайтартып беруді сұраған. Жапа шеккендерге келтірілген шығынның жалпы соммасы 52,5 млн теңге. Бұл алданғандарға қатысты нақты сандар емес. Тәртіп сақшылары салымшылардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп болжайды.

Ал Өскемендегі филлиалдың есігі мөр басылған қағазбен белгіленіп, 22 ақпаннан бері жабық жатыр. Алайда, есік алдындағы қарға түскен іздерге қарап, жоқ іздеген салымшыларының келгенін анық аңғаруға болады.

Бұған дейін Павлодар, Тараз, Маңғыстаудағы филиал басшылары ұсталған еді.

Фото автордікі.

Жанболат Санияз

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Синтетикалық есірткі: Тасымал мен сауда

30.09.2020

Қазалы Венецияға айналып барады

29.04.2020

Қоғам еңбек құндылықтарын қабылдауды өзгертуі керек

04.09.2020

Жалпыұлттық карантин режимі алына бастады

24.04.2020

Харари: Пандемиямен күрес - адам құқықтарын шектеудің басы

28.03.2020

Коронавирусқа байланысты наурыз мерекесі тойланбайды

12.03.2020