457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өскеменде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

Өскемен қаласында алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен бала ауруханаға жеткізілді.

 ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Карбышев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. 3 жасар баланың қалай құлап кеткені әзірге белгісіз. 

102 жедел арнасына баланың биіктен құлағаны туралы хабар түсті. Белгілі болғандай, бала алтыншы қабаттағы пәтер терезесінен төменде орналасқан дәмхананың шатырына құлап түскен. Сол жерге бірден тәртіп сақшылары мен жедел қызметтер келіп жетті. Бала ауруханаға жатқызылды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Көрнекі фото: dauletten.kz


 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған