Сағынтаев Жаңа жылды 135 миллион теңгемен қарсы алмақ

Елнұр Бақытқызы

  • 14.12.2020

Сағынтаев басқаратын Алматы қаласы әкімдігі Жаңа жыл шыршасын қою мен қаланы безендіруге бюджеттің 135 миллион теңгесін жұмсайды.

Алдымен шыршадан бастасақ. Әкімдік Жаңа жылдық шыршаны орнатуға биыл бюджеттен 15 680 000 теңге жұмсады.  Келісімшартты тендер өткізбестен  28 қараша күні Design Engineering компаниясымен бір көзден тікелей жасасқан. "Жаңа жылдық шырша" үлкен архитектуралық форманың дизайнын жасау және безендіру атты қызметтің техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, шыршаның биіктігі 12 метрге дейін болуы тиіс. Ол үш бөліктен тұрады. Шыршаға түрлі түсті жарықдиод гирляндалары ілінеді. Гирлянда орамдарының арасы 10 см, шыршаға кемі 1000 метр гирлянда ілінуі тиіс.

Өнім беруші әкімдікпен келісіп шыршаның қоятын жерді белгілеуі тиіс. Сондай-ақ гирляндаларға кемі бір жыл кепілдік беруі қажет.

Осы жерде гирляндаға бір жыл кепілдік берілсе, оны неге жыл сайын қайта-қайта сатып алады деген сұрақ туындайды.

Мәдениет басқармасы дәл осы Design Engineering "Біз біргеміз 2021 Мы вместе!" шағын архитектуралық формасының дизайн жобасын әзірлеуге де бір көзден тікелей келісімшарт жасасқан. Оған бюджеттің 39 424 000 теңгесі жұмсалды. Өнім беруші шағын архитектуралық форманың дизайнын жасап, оны дайындайды.

"Шағын архитектуралық формалар күндізгі ғана емес, түнгі қаланың сәні. Мұндай конструкциялар мерекенің мән-мағынасын ашады", - делінген техникалық ерекшелік құжатында.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметке қарағанда, мәдениет басқармасы бұдан бөлек тұңғыш президент саябағы, ҚБТУ алды мен оған іргелес аумақтың дизайн жобасы мен жаңа жылдық безендіруге 39,9 миллион теңге жұмсайды. Мәдениет басқармасы жаңа жылдық безендіру үшін тендер өткізіп,  өнім берушіні іріктемеген. 10 желтоқсан күні  келісімшартты тікелей бір көзден Formata SRS ЖШС-мен жасасқан.  Бұл ЖШС тұңғыш президент паркі маңындағы аумақта қойылатын шыршаны безендіру дизайнын әзірлейді және Астана алаңында жарықдиод элементтері мен металл каркастан жасалған 16 шам іледі. Өнім беруші "Біз біргеміз 2021 Мы вместе!" шағын архитектуралық композициясының дизайнын да дайындауы тиіс.

Әкімдік қаланың бас шыршасын безендіру үшін 10 желтоқсан күні тағы бір өнім берушімен бір көзбен тікелей келісімшартқа отырған.  ҚБТУ алаңы алдындағы қаланың бас шыршасын безендіру мен "Біз біргеміз 2021 Мы вместе!"  қаріптік композициялары мен шырша ойыншықтары түріндегі  шағын архитектуралық формаларды  дайындауға әкімдік 40 миллион теңге жұмсамақ.

Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, қаланың бас шыршасы металл каркас, шыршаның жасанды бұтақтарынан тұрады. Оған түрлі түсті гирлянда ілінеді.  Ал "Біз біргеміз 2021 Мы вместе!" қаріп композицияының биіктігі  1,5 метр, ұзындығы 25 метр болуы тиіс. Жазу металл каркас пен декор материалдардан әзірленеді.

Шырша ойыншықтары түріндегі 70 шақты шағын архитектуралық композиция металл каркастан әзірленеді, жарықдиод элементтері болуы тиіс.

Осылайша Сағынтаев басқаратын Алматы әкімдігі қаланы Жаңа жылға безендіруге 135 миллион теңге жұмсамақ.

Мақаланы көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Алматыны шетелде жарнамалауға жарты миллиард жұмсалмақ

18.03.2021

Алматы әкімдігі қымбат джиптермен кімді тасымақ?

09.03.2021

Сағынтаевтың әкімдігі көрермені жоқ шоуға 63 миллион жұмсады

26.11.2020
MalimBlocks
Алматыны шетелде жарнамалауға жарты миллиард жұмсалмақ

Алматы әкімдігі қымбат джиптермен кімді тасымақ?

Сағынтаевтың әкімдігі көрермені жоқ шоуға 63 миллион жұмсады