Алматыны шетелде жарнамалауға жарты миллиард жұмсалмақ

Malim Админ

  • 18.03.2021

Алматы қаласы әкімдігінің туризм басқармасы "Алматы брендін халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету үшін" бюджеттің 587 миллион теңгесін жұмсап жатыр.

Алматы қаласының туризм басқармасы Алматы брендін жарнамалау үшін келісімшартты тікелей бір көзден өздеріне қарасты мекеме – "Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы" ЖШС-мен жасасты. Яғни Туризм басқармасы өзі иелік ететін ЖШС-ға 587 миллион теңге бөлген.

"Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы"  587 миллион теңгеге Алматы имиджін ілгерілетін роликтерді Мәскеу, Сеул, Дубай, Гонконг, Доха, Абу-Даби әуежайларындағы медиабордтарға орналастырады. Әрбір әуежайда Алматы жарнамасын көрсететін дисплей экран мен роликтердің ұзақтығына және аудитория ауқымына әртүрлі талап қойылған. Видеоролик ұзақтығы орташа есеппен 10-30 секунд аралығында.

Әуежайлардан бөлек Алматы жайлы имиждік роликтер халықаралық арналарда көрсетілмек. Eurosport арнасында 1.30 секундтық ролик 2120 көрсетілім, 2.30 секундтық ролик 2040 көрсетілім,  ал Discovery channel-де 30 секунд ролик  кемінде 1029 көрсетілім, TRVL channel-де 720 көрсетілім, Animal planet-те кемінде 405 көрсетілім жинауы тиіс.

Оны былай қойғанда, Санкт-Петербургтағы Пулково әуежайында Алматы жарнамасы ұшу аймағындағы негізгі терминалдың баннеріне ілінеді , Бакудегі Гейдар Алиев әуежайы мен Киевтегі Борисполь әуежайларында жарнама бірнеше залдағы лед экранда көрсетіледі.

Алматы әкімдігі қала жарнамасын Мәскеуде "Аэроэкспресс" пойызының бір вагонына және Киевте "Интерсити" пойызының бірнеше вагонына бірнеше айға орналастырмақ.

Әкімдік Баку, Ташкент пен Мәскеу метроларының стансалары мен вагондарына да Алматы жарнамасын іледі.

Алматы жайлы контент интернеттегі іздеу жүйелері мен Facebook, Instagram, Youtube  желілерінде де жарнамаланады.

Өнім беруші интернетте Алматы жайлы жаңа парақшалар ашып (орыс және ағылшын тілдерінде), "Википедия" интернет-энциклопедиясында Алматыдағы туристік бағыттардың ақпаратын (контентін) жаңартуы тиіс.

Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, өнім беруші Алматы брендін ілгерілету үшін кем дегенде 500 суреттен тұратын фотобанк қалыптастырып, жарнамалық билбордтар дайынайды. Әртүрлі аудиторияға бағытталған 5 имидждік роликтер әзірлейді. Олардың жалпы хронометражы кемінде 5 минут.

Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде  аптасына 3 пост жариялап, комментарийлерге модерация жасап, бір тоқсанда екі конкурс пен екі ұтыс ойынын ұйымдастырады. Visit Almaty сайтын жүргізеді.

Ең қызығы, осы келісімшарт бойынша, өнім беруші 40 шетелдік трэвел-блогер шақырып, 2 баспасөз турын ұйымдастырмақ.

Пандемия өршіп, ел аралық саяхаттар саябырсыған уақытта Алматы әкімігі қаланы не үшін халықаралық және ішкі нарықта қала брендін жарнамалау үшін 587 миллион жұмсап жатқаны түсініксіз.

Материалды көшіріп басуға болмайды.

Фото: Максим Золотухин

Байланысты жаналықтар

Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

16.03.2024

Байбектен қалған дәретхананы Досаев аша ма?  

14.08.2023

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

19.07.2023

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

28.09.2021

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

20.05.2021

Есімовтің інісі Сағынтаевтың орынбасары болды

11.05.2021
MalimBlocks
Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Байбектен қалған дәретхананы Досаев аша ма?  

Алматы әкімдігі 64 млн теңге артық төлеп сатып алған дәретханалар 2 жылдан бері ашылмай тұр.

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының тәркіленген сағаты аукционда 197 миллион теңгеге сатылды.

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

Есімовтің інісі Сағынтаевтың орынбасары болды