Алматы әкімдігі қымбат джиптермен кімді тасымақ?

Елнұр Бақытқызы

  • 09.03.2021

Алматы әкімдігі жақында жол талғамайтын және бизнес класс көліктерді жалға алу үшін бір көзден 14 997 277 теңгеге келісімшарт жасасты. Мұны әкімдік мемлекеттік сатып алулар порталында "өкілдік шығын" деп түсіндірген.

Алматы әкімдігі ақпан аяғында тендер өткізбей, "автокөлік қызметін көрсету" бойынша қызметті тікелей бір көзден – "Алмалы корпорациясы" ЖШС-дан сатып алған. Келісімшарт бойынша, "Алмалы корпорациясы" "автокөлікті тапсырыс беруші көрсеткен жерге әкеп беру керек; автокөлік жайлы және барлық талапқа сай болуы тиіс; автокөлікті кәсіби жүргізуші жүргізеді; көліктер техникалық байқаудан өтіп, сақтандырылуы тиіс".

Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, Алматы әкімдігі  бизнес класқа жататын 27 көлікті алдырмақ. Олар кемі 2010 жылы шыққан болуы керек. Өнім беруші "өкілдік класқа" жататын тағы 15 көлікті қажет кезде жүргізушісімен беруі тиіс. Одан бөлек кемі 2018 жылы шыққан су жаңа төрт жол талғамайтын көлікті жеткізуі қажет.  Кемі 2007 жылы шыққан 15 микроавтобус, 50 орындық екі автобус тағы болуы керек. "Алмалы корпорациясы" Алматы әкімдігіне бір жыл ішінде қызмет көрсетеді.

Алматы әкімдігі қымбат көліктермен кімдерді алып жүретіні белгісіз.

Сағынтаев басқаратын әкімдікке қымбат көліктерді жүргізушісімен бірге беретін "Алмалы корпорациясының" түпкі иелері – Forbes Kazakhstan елдегі ең дәулетті және ықпалды 50 бизнесменнің тізіміне кіргізген Владимир Джуманбаев және Амстердамда орналасқан NOORD HOLLAND TRADING COMPANY B.V компаниясы.

"Алмалы корпорациясына" "VERTEX HOLDING" ЖШС арқылы иелік ететін Владимир Джуманбаевтың байлығын Forbes Kazakhstan 171 миллион долларға бағалаған. Джуманбаевтың "VERTEX HOLDING" компаниясы Ақтөбе облысында темір кенін өндіреді, ал Джуманбаев иелік ететін Vertex Gold Company Қырғызстанда алтын өндіреді. Джуманбаевқа "Қаражыра" АҚ-ның 20 пайызы, "Алтыналмас" АҚ-ның 30 пайыз акциясы тиесілі.

Жалпы, ақпанның 26-сы күні Алматы әкімдігі "өкілдік шығындары" атты үш түрлі келісімшарт жасасқан. Оның бірі – Essentai Tower ғимаратында орналасқан аса қымбат The Ritz Carlton Almaty қонақ үйін жалдау. Әкімдік аса қымбат қонақ үйді жалдау үшін "Капитал Тауэр Девелопмент" ЖШС-мен бір көзден тікелей келісімшарт жасасып, оған бюджеттің 25 960 000 теңгесін жұмсаған.

Оқи отырыңыздар: Сағынтаевтың әкімдігі Боранбаевтың қонақ үйін жалдап жатыр

Сондай-ақ Алматы әкімдігі дәл осы күні "Alatau Mill" ЖШС-мен 3 959 080 теңгеге келісімшарт жасасқан. Оны да "өкілдік шығын" деп түсіндірген. Техникалық ерекшелік құжатында "тапсырыс берушінің тапсырысына сәйкес делегацияның ресми қабылдау іс-шарасына қызмет көрсету" деген бір ғана сөйлем жазылыпты.

Осылайша әкімдік "өкілдік шығындарына"  бюджеттің 44 916 357 теңгесін жұмсамақ.

Материалды көшіріп басуға болмайды!

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

16.03.2024

Байбектен қалған дәретхананы Досаев аша ма?  

14.08.2023

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

19.07.2023

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

28.09.2021

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

20.05.2021

Есімовтің інісі Сағынтаевтың орынбасары болды

11.05.2021
MalimBlocks
Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Байбектен қалған дәретхананы Досаев аша ма?  

Алматы әкімдігі 64 млн теңге артық төлеп сатып алған дәретханалар 2 жылдан бері ашылмай тұр.

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының тәркіленген сағаты аукционда 197 миллион теңгеге сатылды.

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

Есімовтің інісі Сағынтаевтың орынбасары болды