freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтар Құрылтай депутаттарына тікелей жүгіне алады

MALIMet
Қазақстандықтар Құрылтай депутаттарына тікелей жүгіне алады
Фото: Akorda

Қазақстан азаматтары енді Құрылтай депутаттарына жеке қабылдау арқылы, жазбаша немесе ресми сайттағы электронды форма арқылы өтініш жолдай алады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Құрылтайда қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Оны құру туралы шешім спикер Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Құрылтай бюросының отырысында қабылданған.

Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Закиева жаңа алаң азаматтармен тікелей байланыс орнатуға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын қарауға мүмкіндік беретінін айтты.

Төрағаның тапсырмасымен депутаттардың азаматтармен кездесуін ұйымдастыру және өткізу тәртібі әзірленген. Қабылдау кестесі барлық фракциялар және комитеттермен келісіліп, Құрылтайдың ресми сайтында жарияланған.

Қоғамдық қабылдау жұмысына депутаттар Константин Авершин, Айжан Аймағанова және Шолпан Каринова жауапты болады.

Депутаттың қабылдауына бірнеше жолмен жазылуға болады. Азаматтар Құрылтай сайты арқылы электронды өтініш жіберіп, жазбаша немесе ауызша өтініш бере алады. Сондай-ақ Қоғамдық қабылдау бөлмесіне тікелей жүгінуге мүмкіндік бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу