freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Непалда бес мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалды

Әлем
Непалда бес мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалды
Фото: BILD telegram арнасы

Непалда болған жойқын су тасқынынан кейін бес мыңнан астам адам әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Ал полицияның ресми мәліметі бойынша, табиғи апаттан 1384 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Malim.kz.

BILD мәліметінше, құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз. Елде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жоғалғандардың туыстары мен жақындары адамдар көп жиналатын орындарға олардың фотосуреттерін іліп қойған.

Осындай орындардың бірі - ел астанасы Катмандудағы мәйітхана маңындағы қабырға. Онда із-түзсіз жоғалған адамдардың суреттері орналастырылған.

Табиғи апаттан зардап шеккен елді мекендерде экскаваторлар үйінділерді тазалап жатыр. Құтқарушылар қаза тапқандар қираған үйлердің астында немесе су тасқыны алып келген қалың лай мен балшықтың арасында қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу