freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейде әйел эскалаторлардың арасына қысылып қалды

Қоғам
Семейде әйел эскалаторлардың арасына қысылып қалды
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Семейдегі Shygys Mall сауда ойын-сауық орталығында әйелдің аяғы екі эскалатордың арасындағы саңылауға түсіп кетіп, құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Куәгерлердің мәліметінше, оқиға кеше болған. Әйел өздігінен шыға алмағандықтан, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары шақырылды.

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдың көмегімен екі эскалатор арасындағы технологиялық саңылауды кеңейтіп, 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатқанын хабарлады.

Құтқару жұмыстарынан кейін әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп, жағдайын тексерді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу