freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Теңіз дрондары алғаш рет шайқасты

Әлем
Теңіз дрондары алғаш рет шайқасты
Фото: t.me/BILD

Қара теңізде тарихта алғаш рет екі теңіз дронының өзара қақтығысы болғаны хабарланды. Украина Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, украиналық ұшқышсыз катер ресейлік теңіз дронын жойған, деп хабарлайды Malim.kz. 

BILD мәліметінше, барлау Қара теңізде Ресейге тиесілі ұшқышсыз катерді анықтаған. Осыдан кейін оған қарсы украиналық теңіз дроны жіберілген.

Украина Әскери-теңіз күштері украиналық катер ресейлік дронды пулеметпен атқылап, суға батырғанын мәлімдеді.

"Бұл - тарихтағы ұшқышсыз катерлер арасындағы алғашқы теңіз шайқасы", – деп хабарлады Украина Әскери-теңіз күштері.

Соңғы айларда Ресей мен Украина теңізде қолданылатын түрлі ұшқышсыз катерлерді белсенді дамытып келеді. Олардың арасында жарылғыш затпен жабдықталып, кемелерге соққы жасауға арналған дрондармен қатар, зымыран немесе пулемет орнатылған үлгілер де бар.

Айта кетейік, украин тарапының бұл мәлімдемесіне қатысты Ресей тарапының ресми пікірі әзірге келтірілген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу