freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назарбаевтың болашақ құдасы кім

MALIMet
Назарбаевтың болашақ құдасы кім
Фото-коллаж: ulysmedia.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың әулеті тағы бір белгілі отбасымен құда болғалы отыр. 21 жастағы Тауман Назарбаевтың қалыңдығы - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұрынғы вице-министрі Әділбек Сәрсембаевтың қызы Айдана Сәрсембаева, деп хабарлайды Malim.kz.

Ulysmedia.kz мәліметінше, Әділбек Сәрсембаев 48 жаста. Ол бұрынғы Целиноградта, қазіргі Астана аумағында дүниеге келген. Мамандығы - заңгер, саяси ғылымдар кандидаты.

Сәрсембаев еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастаған. Алдымен елорда әкімдігінде жұмыс істеп, 2006 жылы Президент Әкімшілігіне ауысып, бас инспектор қызметін атқарған.

Кейін Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

2010 жылы ол қорғаныс өнеркәсібі саласындағы "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясына жұмысқа орналасқан. Мұнда басқарушы директордан басқарма төрағасының орынбасарына дейін көтерілді.

Одан кейін Астанаға оралып, қалалық Табиғи ресурстар басқармасын басқарды. Сондай-ақ төрт жыл бойы елорданың "Алматы" ауданының әкімі қызметін атқарған.

2020 жылдың мамырында Сәрсембаев "Қазақстан инжиниринг" компаниясына қайта оралып, кәсіпорын басшысы болып тағайындалды. Бір жылдан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне кірісіп, 2022 жылдың тамызына дейін жұмыс істеді.

Әділбек Сәрсембаевтың отбасы туралы ашық дерек көп емес. Дегенмен "Қазақстан инжинирингтің" бұрын жарияланған құжаттарында оның жұбайы ретінде 1980 жылы туған Әлия Иманбаева көрсетілген.

Сол кездегі мәліметке сәйкес, ерлі-зайыптының үш баласы бар: үлкен ұлы Арнұр, қызы Айдана және кіші ұлы Алдияр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу