freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстандық студенттер қазақстандықтардан кешірім сұрады

Қоғам
Қырғызстандық студенттер қазақстандықтардан кешірім сұрады
Фото: видеодан скриншот/ ztb_kz

Астанада алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Қырғызстанның екі студенті әлеуметтік желіде айтқан даулы сөздері үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ztb_kz мәліметінше, бұған дейін қыздар тікелей эфир кезінде қазақтар мен қырғыздардың тарихына қатысты пікір білдірген. Студенттердің бірі қазақтар қырғыздардан кейін пайда болғанын айтып, екі халықтың тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпы ұқсас болғанымен, кейбір дүниелер қырғыздардан қазақтарға өткен деген ойын жеткізген.

Екінші студент тарихи оқиғаларға қатысты даулы пікір айтып, оның сөздері желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Тікелей эфирге қазақстандық азаматтардың бірі қосылып, жазбаны Қырғызстан елшілігіне жіберетінін айтқан. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары студенттерді Қазақстаннан шығару туралы талап айта бастаған.

Кейін екі студент видеоүндеу жасап, қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Бауырымыз қазақ халқынан желіде айтқан барлық сөзіміз үшін кешірім сұраймыз. Өз жауапкершілігімізді түсінеміз және мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде береміз. Тағы да кешірім сұраймыз", – деді олар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу