Сайлау күні сауалнама жүргізуге бола ма?

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 14.12.2020

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова сайлауға қатысты онлайн брифинг беріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Брифингте қойылған сұрақтардың бірі – «Журналистер сайлауға түссе, үгіт-насихат жасай ала ма?». Жанна Асанова бұл сұраққа былай жауап берді:

– Егер қызметтегі журналистер сайлауға кандидат ретінде тіркелсе, олар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысына өзі басқарып отырған, я қызмет істейтін баспасөз құралын пайдалана алмайды. Бірақ үгіт-насихат жұмысын істей береді.

Қаржылық қолдауға қатысты, партиялар сайлау қорын құра алады. Оған алдымен партия ақшасы салынады. Екінші азаматтар өз еркімен де қаржылық қолдау мақсатында ақша аудара алады.

«Сайлау күні кімге дауыс бересіз деп сауалнама жүргізуге бола ма?» деген сауалға: «Қазір бізде сауалнамаға қатысты бір талаптарымыз бар. Экзит-полл жүргізу үшін алдын ала тіркелу керек. Яғни сауалнама жүргізетін ұйымдардың арнайы кәсіби дәрежесі болуы керек. Сауалнама жүргізу үшін ұйымдардың тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы керек. ОСК соны растау керек. Қажетті құжаттардың бәрін әкеліп, көрсетуге тиіс. Құжаттардың ішінде сауалнама жүргізетін мамандар туралы ақпарат болуы керек, қай аймақтарды қамтитынын көрсетуге тиіс. Сайлауға дейін сауалнама қорытындысын жариялауға болмайды. Сайлау күні дауыс беретін ғимараттарда сауалнама жүргізуге болмайды. Басқа жерлерде жүргізе береді. Бірақ жариялауға болмайды», - деп жауап берді аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.

Жанна Асанова сонымен қатар, баспасөз құралдарында үгіт-насихат жүргізу үшін жарияланатын материалдардың көлемі мен ақшасы осы уақытқа дейін жарияланған айтты. Біздің Malim.kz сайтында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы жарияланды.

21 қазан күні Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мәжіліс депутаттарының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Сайлау 10 қаңтар күні өтеді. Үгіт-насихат жұмысы 8 қаңтарға дейін жалғасады. 9 қаңтар тыныштық күні. Осы екі күнде үгіт-насихат жүргізуге болмайды.

Байланысты жаналықтар

Алматы әкімдігі жемқорлыққа жол беріп отыр ма?

21.08.2023

Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовтің заңсыз істері анықталуда

16.08.2023

Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген 14 орын бар

26.06.2023

Алматыда жаңа әлеуметтік кодекс қызу талқыланып жатыр

20.04.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

28.09.2021
MalimBlocks
Алматы әкімдігі жемқорлыққа жол беріп отыр ма?

Алматы қаласы әкімдігі 20 модульдік типтегі әжетхана орнату үшін бюджеттен 160 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Яғни әжетхананың әр данасын 7,9 млн теңгеге сатып алған.

Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімовтің заңсыз істері анықталуда

Ахметжан Есімов Алматы қаласының әкімі болған кезінде заңсыз берген 7 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген 14 орын бар

Құрбан айт мейрамы 28 маусымға, сәрсенбіге түсіп тұр. Сол күн еліміз бойынша демалыс.

Алматыда жаңа әлеуметтік кодекс қызу талқыланып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында бекіткен әлеуметтік кодекстің жаңа нормалары жергілікті жерлерде талқылаудан өтіп, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл кодекстің жаңа нормалары шілде айының бірінен қолданысқа енеді.

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек