«Бір тал кессең, он тал ек»

Malim Админ

  • 05.02.2020

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 390 дерегі анықталған.

Солтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, ағашты заңсыз кесуге жол бермеу үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынып отыр. Соның бірі – ғарыш арқылы мониторинг жүргізу. Дегенмен, ебін тауып, ағашты рұқсатсыз шабатындар тыйылмай отыр. 2019 жылы заңсыз ағаш кескен 50 жағдай анықталып, мың текше метр ағашты кесуден мемлекетке төрт миллионн теңге шығын келген. Ал жалпы, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 390 дерегі анықталған.

2019 жылы 496 мың текше метр ағаш кесілсе, оның 350 мың текше метрі тұрғындарға отынға берілген. Мамандар дерегеніе сенсек, босату бағасы 2013 жылдан бері өзгермеген.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 25 орман пайдаланушысы отын және тақтай дайындаумен айналысып отыр. Әр жылда цехтарда 100 мың текше метр ағаш өңделіп, тұрмысқа қажет өнімдер шығарылады.

Мемлекеттік орман қорының кей учаскелері рекреациялық мақсатта, яғни демалатын орын ұйымдастыру үшін беріледі. Кәсіптің бұл түрімен өңірде 26 орман пайдаланушысы айналысады. Былтыр осындай демалыс орындарында 70 мыңнан астам адам демалып, серуендеген.

«Бір тал кессең, он тал ек» деген бабалар сөзі осындайда керек-ақ. Ертеден бұгінге жеткен ұлағат сөздерімізде тұрмысымызда пайдалана алсақ, қандай жақсы еді...

Байланысты жаналықтар

«Астана» спорт клубындағы сыбайлас жемқорлық

03.03.2020

Оқуға түспеген талапкерлер наразылыққа шықты

20.08.2020

Адвокат: Қуандық Шамахайұлынан алты күн бойы неге анализ алмаған?

29.06.2020

Жұмыс субсидиясы: «өгізді өлтірмейді, арбаны сындырмайды»

26.07.2020

Что разказала Тамара Дуйсенова?

20.05.2021

Ауа-райы қолайсыз. Алматы облысында жол жабылды

21.12.2020
MalimBlocks
«Астана» спорт клубындағы сыбайлас жемқорлық

Оқуға түспеген талапкерлер наразылыққа шықты

Адвокат: Қуандық Шамахайұлынан алты күн бойы неге анализ алмаған?

Жұмыс субсидиясы: «өгізді өлтірмейді, арбаны сындырмайды»

Что разказала Тамара Дуйсенова?

Ауа-райы қолайсыз. Алматы облысында жол жабылды