Қойшыларға tik-tok түсіртіп, жарыстырмақ

  • 19.12.2020
  • Бағашар Тұрсынбайұлы

Қойшылар өміріне арналған байқау

«Shopan Ata» қой өсірушілер қауымдастығы «Шопан ата» байқауының басталғанын жариялады. ​Қауымдастықтың төрағасы Алмасбек Садырбаев: «Қазақстан экономикасының дамуына жалпы малшылар қауымының қосып отырған еңбегі зор. Алайда, олар туралы қоғамда айтыла бермейді. Сол себепті «Шопан ата» байқауы ең алдымен малшылар қауымының абыройын көтеруді көздейді» - дейді.

Жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын байқау бес түрлі номинациядан тұрады.  Атап айтсақ, 3-8 жас балалар арасындағы суретшілер байқауы, tik-tok желісіндегі бейнеконтент байқауы, мұғалімдердің бастауыш сыныптарға арнап жазған ашық сабақ жоспары байқауы, муралдың эскизінің байқауы және «Менің атам – шопан» тақырыбында видео-естелік байқауы.

«Байқау онлайн түрде, әлеуметтік желі арқылы өтуде. Қатысушылар өз номинациясы бойынша, тапсырмаларын орындап әлеуметтік желіде #shopanata хэштегін белгілеп, өз парақшаларына салуы керек немесе baikau.shopan@gmail.com электронды поштасына өз еңбектерін жіберуі қажет» - дейді аталмыш байқауды ұйымдастырушылар.

«Shopan Ata» қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев бұған дейін КТК телеарнасы және “Астарлы ақиқат” бағдарламасының ұжымына наразылығын білдірген болатын.

Садырбаевтың сөзінше, шаруалардың шамына бұл бағдарламаның қойшылар өміріне арналған саны тиген.

Оқи отырыңыз: “Қойшылардың кайфы” шопандардың шамына тиген

 

Байланысты жаналықтар

Назарбаевты сомдаған актер лауазымды қызметке тағайындалды

19.03.2021

Бала тәрбиесін бізге басқа біреу үйретуі қажет пе?

20.01.2021

Психолог: Күйеуі тастап кеткен Жанардың әңгімесі

26.03.2021

12 гол жіберген Сандалова эмоциясын жасыра алмапты

08.12.2020

Асқар Жұбанов дүниеден озды

11.06.2020

Malim Cinema: Параллель соғыстар («Мандариндер» фильміне көзқарас)  

27.02.2021